"Жомарт жан еді": Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат туралы кітабында не деп жазған?

03.12.2023, 20:12
1129
"Жомарт жан еді": Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат туралы кітабында не деп жазған? ашық дереккөзден

Экс-президент інісі Болат Назарбаевқа қатысты шындықты "Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа" кітабында жазған.

SmartNews сайтының хабарлауынша, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа" атты кітабында бауырлары, жақында өмірден өткен кенже інісі Болат Назарбаев туралы да ашығын айтқан. Бұл туралы massaget.kz сайты жазды.

Сонымен қатар, жас кезінде марқұм болып кеткен інісі Сатыбалды, бала кездерінде шетінеген Айсұлтан, Нұрғазипа есімді де бауырлары да айтылады.

"Бір құрсақтан үш ұл, бір қыз едік. Едік дейтінім - артымнан ерген Сатыбалды деген інім көлік апатынан ерте, 34 жасында қайтыс болып кетті. Көп күттіріп, менен кейін жеті жылдан кейін туған бала еді. Өте сымбатты, зор тұлғалы, алапат қарулы жігіт болатын. Сол інімді жұрттың бәрі Қарасай атасындай деп сөйлейтін. Көз тиді ме, қайдам. Одан кейінгі - Әнипа деген қарындасым. Сатыбалды екеуі мен Қарағандыда жүргенде қолымызға келіп, біраз болды, оқыды. Әнипа тұрмысқа шықты, қызы, немерелері бар. Кенжеміз - Болат. Училище бітіріп, механизатор, жүргізуші болып, кейін жоғары білім алды.

Болат кенже болған соң еркелеу өсті… Сол еркелігінен тартқан зардабы да аз емес. Ол зардапты өзі тартып қана қоймай, жасымның егде шағында маған да тартқызды. Қайтерсің. Өз қолыңды өзің кесе алмайсың. Бірақ, әйтсе де, бауырдың аты бауыр, бәрін көтересің. Қалайда жақсы көресің. Болаттың жүрегі жомарт, жұртқа болсын деп тұрады. Қайырымдылықпен көп айналысты. Оның көмегін көргендер аз емес.

Жас кезінде шетінеген, менен кейін туған Айсұлтан, Сатыбалдының алдында туған Нұрғазипа болды. Балалары тұрмаған соң ел салты бойынша жаңа туған баланы терезеден шығарып, бір туыстарға беріп, солардан қайтадан сатып алады екен. Ақысы бір қап ұн, бір бау отын ағашы, қой сияқты болады. Сатыбалдының аты солай қойылған. Бауырларыммен бірге өткізген балалықтың бал күндерін ойласам, әлі де ет жүрегім елжіреп кетеді. Ағаға қарап, іні өсетінін ұдайы есімде ұстаушы едім. Оқысам да, жұмыс істесем де бауырларыма үлгі болуды алдымен ойладым", - деп жазылған кітапта.

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)