Назарбаев Университетінде бір студентке 240 мың доллар бөлінеді

04.12.2023, 09:55
1262
Назарбаев Университетінде бір студентке 240 мың доллар бөлінеді press.kz

Назарбаев Университетінде бір студентке 240 мың доллар бөлінеді, деп хабарлады Қазақстан университеттері қауымдастығының президенті Рахман Алшанов. Бұл туралы orda.kz сайты мәлімдеді.

«Назарбаев Университетінде бір студентке 240 мың доллар бөлінеді, ал Гарвардта бар болғаны 40 мың доллар, біздікі алты есе көп. Біз Гарвардтан алты есе көп маман шығарып жатырмыз ба? Барлық ақша қайда кетеді? Тексеруші органдар осыны тексерсін», - деді Рахман Алшанов Ұлттық ректорлар мектебінде сөйлеген сөзінен кейін.

Оның айтуынша, Назарбаев Университетінің бюджеті Қазақстанның барлық университеттерінің қаржысынан көп.

Бұған дейін депутат Мұрат Әбенов 15 жыл ішінде Назарбаев Университеті 15 патент алғанын, ал Қ.Сәтбаев атындағы университет ғылымды қаржыландырусыз-ақ  44 патент алғанын айтқан болатын.

«Әрине, жоғары білімді дамыту қажет. Бірақ бұл қашанға дейін жалғасады? Бүгінде оларға мемлекет тарапынан бюджеттен көмек көрсетілуде. Оларға бөлінген бюджеттің тең жартысы басқа салаларға бөлінсе ше?», - деп сұрады ғалым.

Ол бір жатақхана салуға 2 миллиард теңге қажет екенін мысалға келтірді, егер Назарбаев университеті бюджетті екі есе қысқартса, 100 жатақхана салуға болады екен.

Оның айтуынша, қазір Алматыда 40 мың студент баспанасыз жүр, олардың көпшілігі жатақханада, хостелдерде және түемелік орындарды жағалайды.

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды