Танымал театр "билеті жоқ" көрерменді залдан шығарып жіберіп, күтпеген тосынсый жасады
"Өнер қырандары" ұжымы "Харекет" қорының атынан концертте көпбалалы анаға тосынсый жасады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі хабарлап отыр.
Кадрлардан театр мүшесі Сырымбет Бибосынов алғашында қонақтан билеті жоқ болуына байланысты залдан шығуды сұрағаны көрінеді. Кейін бала ұстаған әйел залдан шығып бара жатады. Осы сәтте актер оларға пәтер сыйланатынын жеткізеді.
"Сүйінші тағы бір қуаныш. Тағы да бір отбасы, тағы да жанұя бақытқа кенелді. 1084-баспана кілті көпбалалы анаға табысталды. Сүйінші. Құттықтап қойыңыздар, жанашырлар", - делінген жазбада.