Halyk bank-тегі ауыс-түйіс: Тимур мен Динара Құлыбаевтар директорлар кеңесінің құрамын өзгертті
Мәжит Есенбаев Halyk bank директорлар кеңесінен шығарылып, оның орнына екі жаңа мүше сайланды. Бұл туралы orda.kz сайты хабарлап отыр.
KASE Қазақстандағы ең ірі банктегі кадрлық өзгерістер туралы мәлімдеді.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында келесі шешімдер қабылданғаны хабарланды:
2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап директорлар кеңесінің мүшесі Мәжит Есенбаевтың өкілеттігі өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды;
сандық құрамы жеті адамнан сегіз адамға дейін ұлғайтылды (оның құрамына тәуелсіз директор қызметін атқарған Жақсыбек Құлекеев кірді);
Жомарт Нұрбаев «ALMEX Holding Group» АҚ өкілі болды.
Сонымен, бүгін құрамға: Александр Павлов, Арман Дунаев, Жақсыбек Күлеккев, Франк Кайларс, Жомарт Нұрабаев, Петр Романовский, Герман Тишендорф, Үміт Шаяхметова (басқарма төрайымы) кіреді.