Қазақстанда телефон ұрлығы 16%-ға төмендеді

04.12.2023, 20:45
960
Қазақстанда телефон ұрлығы 16%-ға төмендеді polisia.kz

Қазақстанда телефон ұрлығы 16%-ға төмендеді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бүгінгі таңда ұялы телефондар тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар жеке деректерді, қаражат пен банк карталарын сақтауға арналған платформа.

ІІМ мәліметтері бойынша, смартфондар, әсіресе қымбат модельдер ұрлықтың нысанасына жиі айналады, олардың кейбірінің құны шамамен 1 млн теңгені құрайды. Статистикаға сәйкес, биылғы жылдың 10 айында ел бойынша 9 мыңнан астам телефон ұрлығы тіркелді. Бұл өткен жылғы тіркеуден 16%-ға төмен.

Бұл ретте табылып, иелеріне қайтарылғаны – 4 мыңнан астам. Ұялы телефондарды ұрлауға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларды жетілдіру мақсатында ведомство бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық бастамаларды іске асырып жатыр.

Мысалы, ЦДИАӨМ-мен бірлесіп қылмыстық жолмен алынған телефондардың қайталама айналымын болдырмау мақсатында “Байланыс туралы” ҚР Заңына өзгерістер енгізілді, соған сәйкес “абоненттік құрылғыларды тіркеу қағидалары” әзірленіп, бекітілді. Ережеге сәйкес, барлық ұялы телефондар “IMEI + SIM + ЖСН” схемасы бойынша тіркелуі керек, егер бұл байлам бұзылған болса, бұғатталуы керек.

ІІМ криминалдық полиция департаменті басқармасы бастығының орынбасары Жандос Батырбеков бүгінгі таңда телефон ұрлығының төмендеу үрдісі байқалып, олардың ашылу деңгейі артып келе жатқанын атап өтті. Нәтижесінде соңғы үш жылда ұрланған телефондар санының 22,1%- ға, қалта ұрлығының 57,7%-ға төмендеуі байқалды, мұнда ұялы телефондар да қол сұғушылықтың нысанасына айналуда. Бұл қылмыстардың ашылуы 90% деңгейінде қалады.

Сондай-ақ ұялы телефондарды ұрлауға қарсы іс-қимыл мақсатында полицейлер оларды сатып алу және өткізу орындары бойынша жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Базарлар, сауда үйлері мен орталықтары, бутиктер, жөндеу шеберханалары тексеріледі. 




«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты