«Анам – әкемнің төртінші әйелі»: Сейфуллин Жолбарыс алғаш рет отбасы мен екінші жары туралы айтты

05.12.2023, 09:42
3572
«Анам – әкемнің төртінші әйелі»: Сейфуллин Жолбарыс алғаш рет отбасы мен екінші жары туралы айтты kznews.kz

Әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс алғаш рет ата-анасы мен екінші жары туралы айтты. Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтты.

Өнер иесінің бірінші жары ата-анасына ұнамаған көрінеді.

«Менен бұрын менің әкем ғашық болды. Қатямен танысқан кезімде бірінші әке-шешеме көрсеттім. Өтірік айтпаймын, әкем Катяны көрген кезде бірден құлады. Әкем «сенің әйелің осы, саған пысық әйел керек» деді. Шынымды айтсам, бірінші әйелім ата-анама басынан ұнаған жоқ. Ал, Катя оларға бірден ұнады. Кейде «әкем өзі ғашық саған» деп әзілдеймін. Әкем екінші келініне батасын беріп, 92 жасқа келіп қайтты. Оның ұзақ өмір сүруінің себебі, мүмкін келінінің жақсы қарағанынан да шығар деп ойлаймын. Анам 94 жасқа келді, оған да келіні жақсы қарап отыр», – дейді композитор.

Әншінің айтуынша, бірінші әйелімен ажырасуына Катяның еш қатысы жоқ екен.  Ондай өсекке сене беруге болмайтынын айтты.

«Бірінші жеңгелеріңмен ажырасудың себебі басқа. Жылдар бойы жіпке тізілген себеп. Екінші рет үйленгенде тұрған ешнәрсе жоқ, мысалы менің анам әкемнің төртінші әйел. Сонымен қатар ата-анама қарайтын адам керек болды. Олар екеуі ғана тұрды, сондықтан Алматыға көшіріп алып келдім. Оларға күтуші алып қоймаймын ғой, ақшаға жұмыс істейтін адам дұрыс қарамайды, үйді жинап, тамағын істеп кетеді. Жаны ашымайды. Оны алған себебім де осы, ата-анама қарайтын адам керек болды. Осындай жағдайға көнетін жар іздедім, Катя көнді, сол үшін оған алғысымды білдіремін. Әкемнің көп жасағаны, анамның қазіргі жағдайы – Катяның арқасы. Мен үшін ата-анамның көңілі бәрінен биік болды, олардың өмірден риза болып кеткенін қаладым. Ата-ананың ризалығын алмай, басқа істеген ісің мен дұғаң, тіпті қажылыққа бес рет барып келсең де ол қабыл болмайды», – деп түсіндіреді әнші.

Әнші сонымен бірге екінші әйелі Екатеринамен қалай танысқанын да айтты.

«Хабар» арнасына бағдарламаға барғанмын. Түсірілім аяқталып, студиядан шыққан кезімде Серік Абас-шах ағамыз келесі «студияға кір, көрермен болып отыр» деді. Амалсыздан кіріп отырдым. Бұл бағдарламада түрлі ұлт өкілдері жарысып жатыр екен. Катяны да бастығы бағдарламаға қинап жіберген. Ақыры Катяның тобы жарыста жеңді. Мен Катяның ең алдымен өзіне емес, қазақша сөйлегеніне ғашық болдым. Қазақша таза, әдеби сөйледі. Тура бір филология факультетін бітірген таза қазақтың қызы сияқты болды.

Артынан бір жыл жүгірдім, Алланың қалауымен кейін қарады. Әрине, оған да оңай болған жоқ. Отбасым, балаларым бар екенін білді. Ата-анаммен таныстырғанда оларға бірден ұнағанын көріп, «осылай болу керек, менің ойлағаным мен арманым осы» дедім», – деп сөзін аяқтады әнші.

«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты