Teach for Kazakhstan жобасы білім теңсіздігін азайта ала ма

05.12.2023, 11:20
919
Teach for Kazakhstan жобасы білім теңсіздігін азайта ала ма Tengri news

2022 жылғы деректерге сәйкес ауылдық мұғалімдердің 18,5%-ы ғана жоғары біліктілік санатына ие, қалалық мектептерде - 31,2%. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Үкіметтің мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанда педагогикалық қызметкерлердің тапшылығы 4 мыңға жуық.

«Карьералық перспектива мен жақсы әріптестер болғанына қарамастан, маған бірдеңе жетіспей жүрді. Менің барлық отбасым білім саласында жұмыс істейді. Бір кезде ағам Teach for Qazaqstan бағдарламасы туралы ақпарат жіберген кезде, менде сол жерге қатысқым келетінін түсіндім», - дейді Жандос Айдарханов Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық технология факультетінің түлегі.

Teach for Qasaqstan өмірінің 2 жылын педагог мамандығын оқымаған кәсіби мамандарға жергілікті мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ұйым 62 елде тәуелсіз серіктес ұйымдардан тұрады. Ал 2023 жылдың мамыр айында  Teach for Qasaqstan Teach for all-дың толыққанды серіктесіне айналды. Қазір әлеуметтік жобаның 30 түлегі Қарағанды облысының мектептерінде жұмыс істеп жатыр.


Фото: Bilimdinews.kz

Қоғамдық қордың негізін қалаушылардың бірі Гүлнара Салмен «Narikbi Live» ютуб каналына берген сұхбатында:

Мысалы, белгілі бір программист ретінде бағдарламаға келіп, өтінішіңізді тапсырып, іріктеуден өтесіз. Іріктеуде құндылылық пен мотивацияңызды, әрі пәндік білім мен коммуникативті дағдыларыңызды тексереді. Егер одан өтсеңіз, қайта даярлар бағдарламасына серіктесіміз СДУ университетіне тіркеліп, шамамен 3,5 ай оқисыз. Оқу кезінде еліміздің талабы бойынша пәндік біліміңізді тексеретін тест тапсырасыз. Жоба серіктес мектептерді тауып, вакансиясын анықтайды. Ал өзіңіз басқа тұлғалар сияқты резюмеңізді жүктеп, мектеп директорының іріктеуінен өтесіз. Содан кейін тамыз айының 20-сына қарай құжаттарыңызды мектепке тапсырып, сағат санын айқындап, 1 қыркүйектен бастап 2 жыл бойы жұмыс жасайсыз. Осы аралықта жоба сізді оқытады, 1-2 айда бір рет әдіскерлермен кездесіп тұрасыз. Мысалы, сыныпта мінезі бұзық бала болса, ал сіз ол баламен қалай жұмыс жасауды білмесеңіз, әдіскерге хабарласып кеңес ала аласыз.

Teach for Qazaqstan жобасы 2024 жылы 100 үміткерді іріктеп, 2 облыс және 45 мектеппен серіктестік орнатуды көздейді. 2004 жылғы Mathematica Policy Research-тың дерегіне сүйенсек, Teach for America cтуденттері оқу және математика саласы бойынша прогресс жасаған. Сонымен қатар, басқа елдердің мысалы секілді қатысушылар жергілікті  мектептердің мәселесін білу арқылы мемлекеттік салада, білім басқармасында жұмыс істей алады.

 

Автор: Базарбаев Руслан

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды