Жат ағым алға жарымас

05.12.2023, 11:41
1041
Жат ағым алға жарымас camonitor.kz

Әлемдік діндердің ішінде Ислам діні күннен күнге қарқынды дамып келеді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Сонау 6-8 ғасырдан бастап, Орталық Азияға тарай бастады. Ислам діні Мұхаммед пайғамбардың кезінде қарқынды дамыды. Мұхаммед пайғамбар (570-632ж.ж) қайтыс болғаннан кейін, Ислам діні тарыдай таралып, әр түрлі ағымдарға бөлініп кетті. Осы кезден бастап жаңа бағыттар пайда болды. Негізі Ислам болса да, түсініктері әр түрлі болып қалыптасты.

Бастапқыда Ислам дінің көптеген ортағасырлық мемлекеттер (Алтын Орда,Қарахан т.б мемлекеттер) қабылдайды. Себебі Ислам діні халықты біріктіріп, жақсы саяси қарым-қатынастар қалыптастыруға үлесін сүбелі қоса алды.

Десeк те, 21 ғасырда Ислам дінің жамылып,қоғамға залалын тигізетін топтар белең асуда. Шын мәнінде Ислам діні мен жат ағымдардың айырмашылығы жер мен көктей. «Бір құмалақ,бір қарын майды шірітеді»,дей келе. Жат ағымдар әлемдегі тұрақтылықты бұзуы әбден мүмкін.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев:

«Ислам бөлінуге емес,бірлікке шақырады», - дейді.

Бұл індет қазақ жеріне де келіп,жастардың сана түйсігін улап өз қызығушылықтары үшін қолдануға талпынуда. Көбінесе жат ағымға түсетін азаматтардың жасы 16-30 жас аралығы. Жастар ғаламторда жеңіл-желпі мәліметтер көріп, жат дінге жақындай бастайды. Оның алдын алу үшін Қазақстанда 2009-2010 жылдардан бастап, «Дінтану негіздері» пәні енгізілді. Пән көлемі 34 сағатты құрап, оқушыларға дін жөніңде негізгі мәліметтерді береді. Діннің тек құлшылық емес,ғылым деп те қарау керекпіз. Дәл осы орайда қазақ халқының нақыл сөзі «Дін ұстай алсан қасиетің,ұстай алмасан қасіретің», - дейді.

Хақ елшісім (саллаллаһу алейхи уассалам) былай дейді:

- Яхуделер-71 Христиандар-72 үметтімде-73 топқа бөлінеді.Осы-73 топтың ішіндегі біреуі ғана жәннәтқа барады,қалған 72-сі тозақтық болды деп ескерткені айтылады
- Уа Алланың Елшісі!Жәннәтқа баратын топ қайсысы?-деп сұрағанда, Пайғамбар (саллаллаһу алейхи уассалам):
-Менің және сахабаларымның жүрген жолымен жүргендер - деген (Әбу Дәуіт,Суннат 1;Ибн Мажа Фитан 17).

Бұған қарамастан, адасып жатақан бауырларымыз шет елге кетіп, ДЖИХАД ұраның айқайлауда. Сауатсыздықтың кесірі ме, өздерінің шешімі ме, дөп айту қиын. ДЖИХАД деп ұрандатып, жаман жолға ұрынып жатыр.

Фото: Ufaved.info

Осы жайында Орталық Азия стратегиялық зерттеу институтының директоры  Анна Гусарова:

«Әлсіз әрі жемқор үкімет,әлеуметтегі әділетсіздік, заң үстемдігінің болмауы, медреседегі мен діни білімнің төмен деңгейі, жұмыссыздық пен сауатсыздық, қырын қабат мигранттар ортасы, тұрмыстағы зорлық зомбылық,кедейлік және гендірлік теңсізідік-радикалдануға себеп болатын ең басты факторлар», - дейді. 

Дінге бет бұрамын деп, діңді өз қызығушылықтары үшін пайдаланатын азаматтардың қолына түсіп, оның берген ілімін сіңіре бастайды. Тәлімсізден тәлім алаған дін ұстанушы қоғамға, мемлекетке қарсы шығады. Ғасырлар бойы жалғасқан салт-дәстүрге тіл тигізіп, істеген ісінді харам деп,жегеніңді арам деп, елге сыйыспай Сирия, Ирак атты мемлекеттерге ат басын бұрады. Отанынан жыраққа кетіп, қателіктерің кеш түсініп, елге кері қайта алмай өкінеді.

Ислам діні ешқашанда біреуге қиянат істеуге шақырмайды. Ислам діні тазалықты, ізгілікті, мейрімділікті насихаттайды. Өзінде осы қасиеттерді қамтымайтын дін алысқа апармайтыны анық. Біз ел ішіне бүлік түсірумен емес, елді дамытумен айналасу қажетпіз. Дәлелсіз, мынауын харам,мынауын арам дейтін емес, хадиспен дәлел табар, дін мен дәстүрді берік ұстар азаматтар қажет. Ақ пен қараның аражігін ажыратып, хақ пен тура жүріп, «Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына» сүйеніп,жолдан таймайық ағайын.

Автор: Марат Батырхан

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды