“Тапаншамен қорқытқан”: Алматыда азамат таныс қызынан ақша бопсалаған

05.12.2023, 14:12
887
“Тапаншамен қорқытқан”: Алматыда азамат таныс қызынан ақша бопсалаған polisia.kz

Алматыда 22 жастағы жігіт танысынан жарты миллион теңге бопсалаған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ақшаны алу үшін азамат қарумен қорқытып, сендіру үшін одан оқ атқан.

– Жақында бізге 23 жастағы жергілікті тұрғын арызбен келіп, өзін қамқор жігіт ретінде көрсеткен жаңа танысы қыздың үйіне келіп, травматикалық тапаншамен қорқытып, 500 мың теңге талап етіп, бопсалаған. Әйтпесе оны және сіңлісін оңдырмайтынына уәде берген. Қыз ондай ақшаның жоқтығын айтқан. Сол кезде азамат оны телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген. Қарсылыққа жауап ретінде ол пәтердің еденіне бір рет оқ атқан. Т.есімді азамат қорыққаннан танысының талаптарын орындап, оған ломбард берген 235 мың теңгені табыстаған.

Бойжеткен 2,5 аптадан кейін полицияға көмек сұрап жүгінген. Кеше кешке күдікті ЭҚкБ-дағы әріптестері мен патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегімен ұсталды. Оның қасында бірнеше ер адам болған, олардың жеке басының заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы міндетті түрде тексерілетін болады, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.

Күдікті 22 жастағы  А.есімді азаматтың әрекеті ҚР ҚК-нің 194 бабы (Бопсалау) бойынша сараланған. Ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды