2 млн-нан астам акцизсіз темекі бумаларын сату арнасының жолы кесілді

05.12.2023, 17:44
628
2 млн-нан астам акцизсіз темекі бумаларын сату арнасының жолы кесілді polisia.kz

Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Абай облысындағы әріптестерімен бірлесіп, акцизсіз темекі өнімдерін өткізу арнасының жолын кесу бойынша ауқымды операция жүргізді.

Smartnews.kz сайтының мәліметінше, 4 желтоқсанда бір мезгілде екі өңірде үш жүк автокөлігі тоқтатылды.

Оларды тексеру кезінде акцизсіз, жалпы саны 2 млн бумадан астам түрлі маркалы темекі табылды. Ал жүк көліктерінің жүргізушілері сантехниканы тасымалдауға арналған құжаттарды көрсеткен.

Аталған облыстардың мемлекеттік кірістер департаменттерінің мамандары темекі өнімдерінің нарықтық құнын анықтады. Ол 3 млн АҚШ долларынан немесе 1,5 млрд теңгеден асады.

– Жиналған материалдар экономикалық тергеп-тексеру қызметінің өңірлік департаменттеріне берілді. Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабымен (Заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады