1199

COP28 кездесуі нәтижесінде орман шаруашылығына инвестиция құйылмақ

2023 жылғы 2 желтоқсанда Дубайдағы Орталық Азия павильонында СОР28 шеңберінде "SEFE Marketing&Trading Limited" компаниясы Алматы облысында орман отырғызу жобасын іске асыру бойынша "Атамекен" ҚР ҰКП және "SAFC" ЖШС-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

COP28 кездесуі нәтижесінде орман шаруашылығына инвестиция құйылмақ
gov.kz

Smartnews.kz сайтының мәліметінше, осы меморандумда екі тарап та Қазақстанда декарбонизация жөніндегі жобаларды төменде көрсетілген бағыттар бойынша ұзақ мерзімде бірлесіп жүзеге асыруды көздейді:

- орман өсіру, орманды қалпына келтіру және тұрақты орман шаруашылығы бойынша жобаларды масштабтау;

- тұрақты мал шаруашылығын ілгерілету үшін регенеративті тәжірибелер мен ротациялық жайылымдарды пайдалана отырып, жақсартылған жайылымдар бойынша жобалар;

- ілеспе мұнай газын кәдеге жарату жолымен барлау және өндіру секторындағы парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жобалар.

«2045 жылға қарай Еуропада таза нөл және 2050 жылы бүкіл әлемде таза нөл. Осылайша, бізде көміртегі несиелеріне деген ішкі сұраныс өте жоғары, бірақ біз Қазақстанға шығарындыларды азайту жөніндегі міндеттемелерді және оның климаттық амбицияларын орындауға көмектесуге тырысамыз», - дейді "SEFE Marketing&Trading Limited" компанияның экологиялық өнімдер жөніндегі вице- президенті Натан Диксон.

Натан Диксонның айтынша, Орталық Азия аумағында кездескендердің барлығы климаттық күн тәртібін қолдайды. Сонымен қатар Қазақстанның метан бойынша жаһандық уәдеге қосылуы тамаша бастама деп ойлаймын.  

Атап айтқанда, табиғи шешімдерді ұсыну, қалалардағы, мұнай-газ саласындағы шығарындыларды азайту жөніндегі ынтымақтастықты кеңейтуді асыға күтеміз.

 

Автор: Базарбаев Руслан