1733

«Мінезім басқаша болар ма еді». Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы айтты

Танымал актер Тәуекел Мүсілім «Мотивацилық подкаст» жобасында әке тәрбиесін алмай өскені туралы айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

«Мінезім басқаша болар ма еді». Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы айтты
pandaland.kz

Ол ата-анасы бала кезінде ажырасып кеткендіктен, әкесімен көп араласа алмаған.

Әке тәрбиесін көрмей өскендіктен, ол кісі туралы жарытып  ештеңе айта алмаймын. Анам біздің араласуымызға қарсылық танытқан жоқ. Тоғызыншы сыныпта әкеммен үш айдай бірге жүрдім.  Әкем спортқа жақын еді. Поэзияны, өнерді сүйетін. Кез келген отырысты жандырып жіберетін. Ол кісіге ұқсаймын деп айта алмаймын. Кейде үндемей қалатын жасықтау мінезім бар. Әкемнің қолында өскен болсам, мінезім басқаша болар ма еді, – дейді өнер иесі.