Салтанат Нүкенованың туыстары қылмысқа қатысты жаңа деректер айтты

06.12.2023, 13:17
8997
Салтанат Нүкенованың туыстары қылмысқа қатысты жаңа деректер айтты saltanat.nukenova

Астанадағы мейрамханалардың бірінде Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туысқандары «Көреміз» бағдарламасына сұхбат берді.

Qaz365.kz сайтының мәліметінше, Бишімбаев пен Нүкенова екеуі 2022 жылдың 18 қарашасында шаңырақ көтерген. Алғашында бәрі жақсы болғанмен, уақыт өте келе Салтанат құрбыларына отбасындағы зорлық-зомбылық туралы шағымдана бастапты. 

Салтанатпен алғашында бәрі жақсы болған. Бірақ кейіннен жағдай күрт өзгерген. Әсіресе, шілде айынан мәселе күрделене түскен. Құрбылары дабыл қоңыраулары жазда басталды деп отыр. Солардың бірі – павлодарлық Линара Смағұлова мұны бірден байқаған.

«Салтанат бірде Павлодарға келгенде екеуіміз көрістік. Сол кезде жолдасымен ұрысып жүргенін, тіпті соңы төбелеске ұласатынын айтып қалды. Қол көтеріп жүргенін де жасырмады. Сонда маған қарап, «Махаббат бола тұра бір-бірімен үйлеспеу болады екен» деген», – дейді құрбысы.

Марқұм күйеуінің ұратынын құрбыларынан бөлек анасына да айтыпты. Шешесі қызының қиналғанын көріп, Павлодарға қайтуын сұрапты.

Жаз мезгілінде Салтанат үйіне барғанда ата-анасына қарым-қатынастары қиындап кеткенін, күйеуінің мінезі ауыр екенін айтыпты. Әке-шешесі үйге қайт деген. Бірақ көп уақыт өтпей, Бишімбаев Салтанатты райынан қайтарып алған, – дейді кіндік шешесі Мәрзия Оспанова.

Марқұм отбасылық қарым-қатынасты ретке келтіруге септігі тиер деп, психологпен екі ай жұмыс істеген. Сосын аралары түзелгендей болған екен. Тіпті, қыркүйек айын Түркияда бірге өткізген.

«Өлтіретін адам үндемей жүреді. «Үндемегеннен үйдей бәле шығады» деген осы. Ол әрқашан бұл адамды жасырып жүреді. Бір мүмкіндікті күтеді. Санада өлтіру деген ой тұр. Көбінесе, ішімдік ішіп, есірткі қабылдағанда еске түседі. Бұрыннан ойлап жүргенін жүзеге асыруы мүмкін», – дейді психотерапевт Санжар Тұрсынметов.

Салтанат күйеуге шыққалы жұмысынан да қол үзе бастаған. Ол астролог ретінде еңбек еткен.

«Екеуінің не себепті жанжалдасатынын айта алмаймын. Бірақ былтырғы жылдан бері кеңестері азайып кетті. Бұған дейін Салтанатқа жазылатын адам көп болатын. Күніне кем дегенде 2-3 қыз келетін. Кейіннен аптасына 2-3 кеңеспен шектеліп жүрді. Өйткені күйеуі жұмыс істеуге рұқсат етпеді», – дейді құрбысы Анар Тасова.

Жантүршігерлік оқиғадан үш күн бұрын Салтанаттың әке-шешесі Павлодардан Астанаға келіп, жақсы көңіл күйде кездесіп, тарқасқан. Ағасы Қайрат Нүкеновтың айтуынша, Бишімбаев пен оның туысы Салтанаттың денесін мейрамханадан жасырын алып шығып, жасырмақшы болған.

Олар қарындасымның телефонын іздеп, көліктен тауып алады. Сөйтіп, Бишімбаев бауырына қарындасымның телефонын алдымен фитнес-клубқа, әрі қарай үйіне апаруға тапсырма береді. Біз геолокация тексерген кезде телефонды Бишімбаевтың үйінен таптық. Сосын бауырына түнде екі көрпе қажеттігін айтып, бейнекамераларды өшіртеді. Сол күні қандай да бір қызды шақыртады. Ол келіп кеткен соң, көлікті жертөлеге алып кел деп тапсырады, жалпы айтқанда олар қарындасымның денесін жасыруға тырысқан сияқты, – дейді Қайрат Нүкенов.

«Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты «Жаппай Каспийге бет алды»: Израиль шабуылынан кейін мыңдаған адам Ираннан қашуда