Бізге өзіміздің ұлттық LLM-ді құру керек – Бағдат Мусин

06.12.2023, 14:53
1005
Бізге өзіміздің ұлттық LLM-ді құру керек – Бағдат Мусин gov.kz

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин NVIDIA корпорациясының аймақтық менеджері Антон Джораевпен кездесу өткізді.

Smartnews.kz сайтының мәліметінше, кездесуде тараптар Ұлттық LLM (үлкен тілдік модельдер) құру үшін жеткілікті NVIDIA есептеу ресурстарын алу мүмкіндіктерін талқылады.

ЦДИАӨМ министрі Бағдат Мусин IT саласының заманы мен тенденцияларына сәйкес дамып, елдегі AI мүмкіндіктерін падалана отырып, кәсіпкерлерге есептеу қуатын басымдық ретінде пайдаланатын мүмкіндік жасаудың және оларды оқытудың мақсатты бағдарламасын ұсынудың маңыздылығын атап өтті.

NVIDIA электронды ойын консольдерінен бастап дербес компьютерлерге дейін қолданылатын интегралды схемаларды жасаумен танымал. Компания жоғары сапалы графикалық өңдеу блоктарының (GPU) жетекші өндірушісі.

Қазіргі уақытта NVIDIA экожүйесіндегі жасанды интеллект (AI) және деректер ғылымы саласындағы стартаптарды қолдайтын және дамытатын, оларды ресурстармен, тәжірибемен және мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін виртуалды үдеткіш NVIDIA Inception бағдарламасы бойынша Астана хаб стартаптарына арналған онлайн вебинарға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылдың басында Қазақстанның жоғары оқу орындарында DLI бағдарламасы бойынша онлайн-вебинар өткізу жоспарлануда, ол терең оқыту және жасанды интеллект бойынша практикалық курстар мен сертификаттарды ұсынып, жеке тұлғалар мен ұйымдардың озық технологиялар бойынша тәжірибесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

NVIDIA бастамаларын экожүйеге біріктірумен қатар, Astana Hub базасында AI академиясын құру ұсынылды, оның мақсаты -  Орталық Азия елдері үшін бейімделген жасанды интеллект саласындағы базалық курсты оқыту.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады