Қызылордада көліктен 700 АҚШ долларын, банк карталарын қолды қылған күдікті ұсталды

06.12.2023, 17:41
978
Қызылордада көліктен 700 АҚШ долларын, банк карталарын қолды қылған күдікті ұсталды polisia.kz

Қызылордада полиция қызметкерлері автокөліктен 700 АҚШ долларын, банк карталарын ұрлап кеткен күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдерінің кәсіби шеберліктері мен қырағылықтары нәтижесінде ұрлық қылмысының “ізі суымай” ашылды.

2 желтоқсан күні түнгі уақыт 03:00-де қала аумағындағы үйінің алдында тұрған Toyota Rav-4 автокөлігіне ұры түскендігі жөнінде “102” арнасына жәбірленуші шағым түсірген. Арызданушының айтуы бойынша автокөлік ішінен 700 АҚШ долларын, банк карточкаларын және жеке құжаттарын ұрлап кеткен. Күдікті азық-түлік дүкенінен заттар алып, оны банк карточкасы арқылы төлегені белгілі болды.

Хабарламаға сәйкес оқиға орнына барған криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктінің ізін алысқа ұзатпады. 19 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды