845

Массаждың орнына интимдік қызметтер: үш Өскемен тұрғыны жауапқа тартылды

Өткен демалыс күндері рейдтік жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен облыс орталығының үш тұрғыны анықталды, олар пәтер, сондай-ақ «дене массажы» деген атпен интим-қызметтер көрсету үшін үй-жайлар ұсынған.

Массаждың орнына интимдік қызметтер: үш Өскемен тұрғыны жауапқа тартылды
eastkazpolice

Smartnews.kz мәліметінше, осындай пәтерлердің бірінде 20 мен 38 жас аралығындағы бес қыз болған.

"Көрсетілген үш факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нәі 450-бабы - жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін көрінеу үй-жайлар беру бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, бұл жеке және лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", - делінген хабарламада.

«Қыздар» да назардан тыс қалмай, ҚР ӘҚБтК - нің 449-бабы - қудалау, яғни жыныстық сипаттағы қызметтер көрсету мақсатында интрузивті түрде жүгіну бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды , бұл жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жыл басынан бері аталған бап бойынша полицейлер барлығы 177 адамды жауапкершілікке тартқан.