733

Атыраулық полицейлер кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты 6 желтоқсан күні ұстады.

Атыраулық полицейлер кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады
polisia.kz

Smartnews.kz мәліметінше, олар жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге қаражатын бопсаламақ болған.

Полицейлер 1991 ж.т., 1996 ж.т., 1996 ж.т. және 1998 ж.т. күдіктілер тобын 2 млн 600 мың теңге алу кезінде ұстады.

Олардың деструктивті діни ағым өкілдері екендігі анықталды. Жәбірленушілерді наурыз айынан бері бопсалап, әрқайсысынан 5 миллионға жуық ақша қаражатын иемденбек болған.

Күдіктілер ұсталып, басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталуда.

"ҚР ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.