Қазақстан Иранға мұздатылған ет экспортталмақ

07.12.2023, 10:27
1458
Қазақстан Иранға мұздатылған ет экспортталмақ gov.kz

Екі жақты меморандумға 2023 жылдың 3 желтоқсаны күні Тегеранда министрдің орынбасары және Иранның ветеринарлық ұйымының басшысы Моджтаба Норузи мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин қол қойды.

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, бұл құжат отандық мал шаруашылығының мұздатылған етін жеткізудің жаңа экспорттық жолдарын ашады. Осы уақытқа дейін қазақстандық өндірушілер Иранға сақтау мерзімі 3 күнге дейінгі салқындатылған сиыр етін ғана жеткізе алатын.

Уағдаластық туралы құжатта мынадай талаптар қарастырылған:

  1. Қазақстандық мұздатылған сиыр етінің сүйексіз импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар.

Иран тарапы Қазақстаннан мұздатылған сүйексіз сиыр етінің импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды ұсынады. Ветеринариялық-санитариялық талаптарды келіскеннен кейін Қазақстаннан Иранға мұздатылған сүйексіз сиыр етінің экспортын ашу үшін Иран ветеринариялық ұйымының басшылары мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы арасында ветеринариялық сертификаттарды келіседі және келісімге қол қояды.

  1. Ирандық сүт компанияларын Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) аумағына және Қазақстан Республикасына импорттауға құқығы бар үшінші елдердің тізіліміне енгізу туралы.

Қазақстандық тарап ЕАЭО және Қазақстан Республикасы инспекторларының, Иранның ветеринариялық қызметінің және Иранның сүт кәсіпорындарының қатысуымен аудит және бірлескен инспекция өткізілгеннен кейін, ЕАЭО аумағына және Қазақстан Республикасына сүт өнімдерін импорттауға құқығы бар үшінші елдердің тізіліміне Иран сүт кәсіпорындарын қосу туралы ынтымақтасуға дайын.

  1. Вакуумдық қаптамадағы ірі қара малдың жаңа етінің жарамдылық мерзіміне қатысты ғылыми құжаттар

Қазақстан тарапының вакуумды қаптамадағы ірі қара малдың жаңа етінің жарамдылық мерзімін 3 күннен 16 күнге дейін ұлғайту өтініші бойынша Иран тарапы Қазақстаннан жарамдылық мерзіміне қатысты ғылыми құжаттарды сұрады. Иранның ветеринарлық ұйымы импорт және экспорт бойынша техникалық комитетте ұсынылған құжаттарды қарайды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды