Қазақстанда рейске құжатсыз отырғызу енгізілмек

07.12.2023, 12:37
799
Қазақстанда рейске құжатсыз отырғызу енгізілмек canva.com

Қазақстан әуежайларында халықаралық рейстерге контактісіз қатынауды енгізуді жоспарланып отыр. Бұл туралы Tengritravel.kz тілшісі хабарлап отыр.

ICAO TRIP жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша аймақтық симпозиум барысында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев жақын арада жолаушыларға тіркеу пункті мен шекаралық бақылауға барудың қажеті болмайтынын айтты. Жолаушыға электронды құжаттары мен биометриялық деректерін сканерден өткізетін арнайы аркадан өту жеткілікті.

Вице-министрдің айтуынша, Астана әуежайында ішкі рейстер үшін дәл осындай сәйкестендіру жүйесі қазірдің өзінде жұмыс істейді. "Мұндай жүйені іске қосу үшін заңнамамен сәйкестендіру қажет, яғни, бірінші кезекте биометриялық деректер базасына қол жеткізу, шекара қызметі, кеден қызметі және әуе компаниялары бар жүйелерді біріктіру керек. Қазіргі уақытта бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Негізінде, елдің әуежайларында ішкі рейстер үшін тіркеуден және кедендік бақылаудан өтпей-ақ отырғызуға болады. Қазір біз цифрлық құжаттарды пайдалана отырып, жеке куәліксіз тіркеліп, санитарлық аймаққа бара алатындай жұмыс істеп жатырмыз. Ал халықаралық рейстерге келетін болсақ, бұл жүйелерді заңнамалық интеграциялау қажет", - деді Ластаев.

Вице-министрдің айтуынша, оптимистік бағалауға сәйкес, алдағы жылдан бастап Қазақстанның ірі әуежайларында халықаралық рейстерге контактісіз қатынау енгізілуі мүмкін. Мысалы, Астана әуежайының осындай жоспары бар, ол жақында Абу-Даби әуежайында осындай тәжірибесі бар компанияның бақылауына алынды.

"Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әуежайлардың стандарттарына сәйкес, олар әр рейске отырғызу рәсіміне шамамен үш секунд жұмсайды. Сіз кассаға барасыз, төлқұжатыңызды тіркейсіз, одан деректер оқылады, сонымен бірге камера сіздің жеке басыңызды анықтайды және сіз тыныш қана санитарлық шығу аймағына барасыз", - деп қосты вице-министр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді