Жыл басынан бері айыппұлы төленбеген 466 борышкер анықталды

07.12.2023, 14:59
1157
Жыл басынан бері айыппұлы төленбеген 466 борышкер анықталды polisia.kz

СҚО полицейлері жыл басынан бері айыппұлы төленбеген 466 борышкерді анықтады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Тәжірибе көрсетіп жатқандай, кейбір жүргізушілер жол ережелерін бұзған соң, айыппұлдарды уақытылы төлемейді. Мұндай автокөлік жүргізушілерінің еріксіздігі жазасыздық сезіміне әкеледі, бұл жолдарда қосымша тәуекелдер тудырады. Жүргізушілердің тәртібін арттыру – “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде полицияның алдына қойылған негізгі мақсаттардың бірі.

Солтүстік Қазақстан полициясының әртүрлі бөлімшелері ЖПІШ өткізуге қосылды. Полицияның заманауи техникалық арсеналы кеңінен қолданылуда. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Мегакам.Қорғау” арқылы жолдарда 40-қа жуық борышкерді анықтады. Сондай-ақ оларды “интеллектуалды бейнекамералар” деп аталатын аппараттық және бағдарламалық кешендер тіркейді. Олардың көмегімен 2 күн ішінде 88 борышкер анықталды. Сонымен қатар учаскелік инспекторлар әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар жүргізушілерге барып келді. Әкімшілік полиция қызметкерлері оларға телефон арқылы хабарласуда.

– Құқық бұзушыларға айыппұлдар туралы хабарламаларды елемеудің салдары туралы хабарланады. Хаттама жасалғаннан кейін 40 күн өткен соң материал жеке сот орындаушыларына беріледі. Борышкердің көлігі айыппұл төленгенге дейін арнайы автотұраққа қойылуы мүмкін. СҚО-да ЖПІШ 2 күні ішінде 466 жол ережесін бұзушыдан айыппұл өндірілді, - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды