ЕҰУ 5 шетелдік жоғары оқу орнымен меморандумдарға қол қойды

07.12.2023, 18:34
889
ЕҰУ 5 шетелдік жоғары оқу орнымен меморандумдарға қол қойды gov.kz

Пәкістанда COMSTECH мүше елдердің ЖОО ректорларының IV конференциясы өтті.

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ректорлары кеңесінің төрағасы, ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов COMSTECH мүше елдердің ЖОО ректорларының IV конференциясында сөз сөйледі. Халықаралық шараға әлемнің 150-ге жуық университетінің өкілдері қатысты.

Конференция барысында Ерлан Сыдықов жоғары білім беру саласындағы негізгі үрдістер, ғылыми зерттеулерді жүргізудің жаңа тәсілдері, мемлекеттік тарапынан ғылыми қызметті қолдау жүйесі, ЕҰУ алдындағы ғылым және интернационалдандыру бағытындағы міндеттер туралы айтып берді.

ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ректорлары кеңесінің төрағасы интернационалдандыруды дамыту үнемі ЖОО қызметінің даму үрдісі ретінде қала беретінін атап өтті. Осыған байланысты ЕҰУ COMSTECH құрамына кіретін елдерді қоса алғанда, әлемнің 50-ден астам елімен жемісті ғылыми ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударады.

ЕҰУ конференциясы аясында ЕҰУ 5 шетелдік жоғары оқу орнымен меморандумдарға қол қойды: Халықаралық ғылым, өнер және технология институты, Лахор университеті, Бахрия университеті, Сиалкот университеті, Beaconhouse ұлттық университеті.

Соңғы жылдары ЕҰУ 12 шетелдік жоғары оқу орындарында өзінің ғылыми-білім беру өкілдіктері мен орталықтарын ашты.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды