«АрселорМиттал Теміртау» «Қазақстан халқына» қорына 16 млрд теңге қайырымдылық қаржы аударады

08.12.2023, 12:36
1251
«АрселорМиттал Теміртау» «Қазақстан халқына» қорына 16 млрд теңге қайырымдылық қаржы аударады KZgovernment

Компания қорды қолдау үшін ақша бөлмек.

SmartNews сайтының хабарлауынша, бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» «Қазақстан халқына» қорына 16 млрд теңге қайырымдылық қаржы аударатыны жөнінде мәлімдеді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен ҚР Әділет министрлігі өкілдерінен құралған қазақстандық келіссөздер тобы ArcelorMittal компаниясын «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорын қолдау үшін 16 млрд теңге көлемінде жарна жасауға көндірді.

ArcelorMittal компаниясынан қорға түсетін қаражат Қарағанды облысы тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Одан бөлек бұл соманың 50%-ы Теміртау қаласына жұмсалмақ.

Сондай-ақ Власть басылымының жазуынша, «Қазақстан халқына» қоры құрылғалы бері жалпы сомасы 158,8 млрд теңге қаражат алған. Ең ірі донор – 30 млрд теңге аударған Eurasian Resources Group.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді