ArcelorMittal компаниясын Қазақстанға беру туралы Үкіметпен мәміле жасалды

08.12.2023, 13:28
851
ArcelorMittal компаниясын Қазақстанға беру туралы Үкіметпен мәміле жасалды KZgovernment

Аталған келісімнің егжей-тегжейін баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

SmartNews сайтының хабарлауынша, биылғы тамыз айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да орын алған апат кезінде компанияның инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғаны туралы айтқан болатын. Сол кезде Мемлекет басшысы АМТ-мен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма берген.

Корпорация мен Үкімет арасындағы келіссөздер 2022 жылдың 3 қарашасында АМТ-ның еншілес кәсіпорны – Ленин атындағы шахтада болған қайғылы апаттан кейін басталған болатын.

Жалпы Қазақстан Үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына нақты талаптар қойған.

Келіссөздер нәтижесінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасында қазақстандық тарапқа кәсіпорынды бағалау және аудит жүргізуге мүмкіндік беретін «Standstill Agreement» келісіміне қол қойылды.

Министр жасалған мәміленің үш негізгі элементін жариялады:

1. Мемлекет активтер құнын  $3,5 млрд-тан $286 млн-ға дейін төмендетті;

2. Мәмілені жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен бір де бір теңге жұмсалған жоқ;

3. Жаңа инвестор ArcelorMittal бас компаниясы алдағы 4 жыл ішінде $250 млн сомасындағы қысқа мерзімді несиені және $450 млн ұзақ мерзімді несиені өтеу бойынша міндеттеме алады.

«$286 млн – бұл толық жұмыс істеп тұрған екі кәсіпорынның құны екенін ерекше атап өткім келеді. Сонымен қатар ArcelorMittal Қазақстан Үкіметіне ешқандай талап қоймайды. Келісім халықаралық құқық нормаларын толық сақтай отырып, құқықтық негізде жасалды», — деді Қанат Шарлапаев.

Сондай-ақ Қанат Шарлапаев АрселорМиттал Теміртаудың жаңа инвесторы туралы сұрақтарға да жауап берді:

«Ешқандай да шетелдік инвестор қатыспайды. Кәсіпорынды қазақстандық инвестор иеленіп, басқаратын болады. Бұл ретте 3 жыл ішінде инвестициялардың жалпы көлемі шамамен $3,5 млрд-ты құрайды және жақын арада кәсіпорынның операциялық жұмысын жақсартуда инвестициялар көлемі $1 млрд-тан асатын болады», — деді Қанат Шарлапаев.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды