Қызылордалық 5 жастағы Аяулым тісін жұлдырамын деп мүгедек болып қалды

08.12.2023, 14:29
1201
Қызылордалық 5 жастағы Аяулым тісін жұлдырамын деп мүгедек болып қалды astanatv

Қызға 8 айда 3 ота жасатқан.

SmartNews сайтының хабарлауынша, Қызылордалық 5 жастағы Аяулым тісін жұлдырамын деп мүгедек болып қалды. Анасының айтуынша былтыр қыркүйекте мемлекеттік тіс емханасына қызының тісі ауырған соң алып барған. Дантист жұлып, үйіне қайтарыпты. Бірақ ісіну мен ауырсыну үдей түсті дейді анасы. Артынша, арнайы мамандар Аяулымның жағы іріңдеп, шіріп жатқанын айтқан. Мөлдір Тоқтасынқызы мәселені зерделеді. Бұл туралы AstanaTV арнасы жазды.

Аяулымның тісін жұлдырғанына бір жыл өтсе де зардабын әлі тартып отыр. Себебі ірің жағына дейін жайылып, 8 айда 3 ота жасатқан. Алғашқы операция Қызылордада жасалғанымен нәтиже болмапты. Анасы сондықтан Алматыға алып баруға мәжбүр болдым дейді. Ал ондағылар кішкентай қыздың жағы шіріп жатқандықтан, құлақ түбіндегі негізгі бөлігін кесіп алып тастауға тура келген. Енді жақ сүйектің қайта өсетініне кепіл жоқ депті мамандар.

"Мына жері жоқ қой қазір. Бұл жер өсу өспеуі белгісіз болып тұр. Өспеу қалған жағдайда операциямен теңестіреміз деді. Негізі дұрыс анализ жинамаған. Зерттеу жүргізбеген. Солай тісін жұлған. Тісін жұлғаннан кейін осындай асқыну болып отыр. Негізі бұндай диагнозбен барғанда, стамотолог врач, ортодонттар или хирургтар жұмыс жасау керек екен. Ал менің қызыма орта білімді дантист қызмет көрсеткен", - дейді Аяулымның анасы Гауһар Ермағанбетова.
Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)