Қазақ тіліндегі «Яндекс. Алиса» сервисінің таныстырылымы өтті

08.12.2023, 15:03
1001
Қазақ тіліндегі «Яндекс. Алиса» сервисінің таныстырылымы өтті yandex

Ресейлік Яндекс қазақша сервистерін көбейтіп жатыр.

Астана қаласында «Яндекс. Алиса» дауыстық көмекшісінің қазақ тіліндегі тұсаукесері өтті.
 
Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және оларға ведомстволық бағынысты мекемелердің өкілдері қатысты.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки компанияның Қазақстанда мемлекеттік тілді дамытуға қосып отырған үлесі үшін «Яндекс Казақстан» өкілдеріне алғысын білдірді.
«Бұл жоба осы жылдың қараша айында ғана іске қосылды, соған қарамастан «Яндекс.Алиса» сервисіне әр бесінші пәрмен қазақ тілінде берілуде. Дауыстық көмекші қоғамымыздағы тілдік жағдайға оң әсер ететініне және инклюзия мәселелерін шешуге көмектесетініне сенімдімін», - деп атап өтті Дархан Ахмед-Заки.
«Яндекс» компаниясының стратегиялық бастамалар блогының директоры Александр Поповский дауыстық көмекшінің мүмкіндіктері жайлы айта келіп, «Яндекс Қазақстан» қолданушылардың өмір сапасын жақсартуға, елімізде цифрлық ортаны дамытуға бағытталған қызметтерін бұдан әрі де қазақ тілінде жетілдіретінін жеткізді.
 
Бүгінде компанияның «Яндекс. Аудармашы», «Яндекс. Навигатор», «Алиса орнатылған Яндекс браузері» (видеоны дыбыстау және субтитрлеу), «Яндекс. Іздеу» тәрізді көптеген қызметтері қазақ тілінде қолжетімді.
«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді