1108

Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті

Төраға боп кім сайланды?

Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті
ашық дереккөзден

SmartNews сайтының хабарлауынша, "Kazenergy" қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мырзағалиев сайланды. Бұл туралы kazenergy.com сайты жазды.

Бүгін, яғни 8 желтоқсан күні Алматы қаласында "KAZENERGY" кеңесінің бетпе-бет отырысы өтіп, төраға сайланған.

Еске сала кетсек, Қазақстандық "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы 2005 жылғы 2 қарашада мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында құрылды.

Бүгінгі таңда қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібінде қызмет ететін компанияларды біріктіреді. Қауымдастықтың мақсаты әлемдегі және ҚР-дағы энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетикалық (мұнай-газ және электр энергетикасы) саласының тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдеседі.

– Қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық негіздерге негізделген және төлемдерді қарастырмайды, - делінген қауымдастық баспасөзінің хабарламасында.

Материал авторы