Марқұм музыкант Darkhan Juzz-дің «Aue» альбомы «Beu» жүлдесін иеленді

09.12.2023, 10:54
764
Марқұм музыкант Darkhan Juzz-дің «Aue» альбомы «Beu» жүлдесін иеленді qazaqstantv

Жүлдені биыл кімдер алды?

SmartNews сайтының хабарлауынша, Алматыда «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Beu» радиосының «Beu Awards-2023» заманауи музыка жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Бұл туралы QazaqstanTV арнасы жазды.

Шарада Darkhan Juzz атымен танымал болған қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтың «Aue» альбомы  «Үздік  альбом» атанды. Жүлде әншінің отбасы мүшелеріне табысталды. «Aue»  - «Ozen» музыкалық лейблінің қолдауымен жарыққа шыққан әншінің аяқталмай қалған жобасы.  

Одан бөлек, Мархаба Сәбидің «Тым бөлек» әні «Үздік ән», Ақерке Амаляттың орындауындағы Ерболат Беделханның  «Мен қазақпын» әні телевизиялық жүлденің «Үздік кавер» аталымын иеленді.  

«Үздік орындаушы» номинациясы «Тұмандау» әні үшін әнші Айриге  және «Асықпа» әні үшін Mona Songz атымен танымал отандық әнші Манарбек Жұматайға берілді. «Ninety One» тобы жүлденің «Үздік топ» аталымы бойынша марапатталды. «Бәрі өз қолыңда» қазақстандық фильмінің саундтрегі - Мирас Жүгінісовтың орындауындағы «Саяхат» әні «Үздік саундтрек» аталымы бойынша дауыс берушілер ықыласына ие болды.  

«Орда» тобының мүшесі, әнші, продюсер Ерболат Беделхан мен «Ozen» музыкалық лейблінің негізін қалаушы Айзатулла Хуссейн ұйымдастырушылар тарапынан жүлденің «Қазақстан заманауи музыкасының дамуына қосқан үлесі үшін» жаңа аталымы бойынша марапатталды. 

Жеңімпаздарды анықтау «Beu» радиосының тыңдармандары арасында әлеуметтік желілерде дауыс беру арқылы жүргізілді. Жүлде мақсаты – қазақ заманауи музыка өкілдері арасында түрлі жанрлар мен стильді танымал ету. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бейнемұрағатында дәстүрлі және заманауи ән өкілдерінің «Алтын қоры» сақталған. Ал «Beu» радиосының фонотекасында заманауи музыка өкілдерінің 3000-ға жуық туындысы бар. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды