Оқушыларға азғындық жасады деген 61 жастағы дене шынықтыру мұғалімі тергеуде отыр

09.12.2023, 11:34
3908
Оқушыларға азғындық жасады деген 61 жастағы дене шынықтыру мұғалімі тергеуде отыр ашық дереккөзден

Полиция тергеу құпиялығына сәйкес жәбір көрді делінген оқушылардың ұл, не қыз екенін айтпады.

SmartNews сайтының хабарлауынша, Қызылорда да 61 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларға азғындық жасады деген күдікке ілінді.

Информбюро 31 бағдарламасының дерегінше, 4-сыныпта оқитын екі оқушының ата-анасы ұстаздың үстінен арыз түсірген. Полиция педагогты қамауға алып, тергеуді бастады. Ал облыстық білім басқармасындағылар он үш жылдық еңбек өтілі бар, зейнет жасына жақындаған мұғалімнің бұған дейін теріс әрекетін байқадық дейді. 

Информбюро тілшісінің сөзінше, мұғалім мектеп қабырғасында 13 жылдан бері дене шынықтыру пәнінен сабақ беріп келген. Облыстық білім басқармасындағылардың айтуынша күдікті полицейлерге берген түсініктемесінде азғындық әрекетке бармағанын жеткізген.

Мектепте кешелі бері тексеріс жүргізіліп жатыр. Тергеушілердің оқу орнына келгіштеуіне алғашында ұстаздар мән бермеген. Кейін әріптестеріміздің қамауға алынғанын естідік дейді. Мектеп ұжымы да, білім басқармасының басшысы да ұсталған салынған педагогқа шаң жуытпады. Олар зейнет жасына жақындаған мұғалімнің бұрын-соңды теріс әрекетін байқамадық дейді. 

— Мұғалімнің айтуынша ешқандай артық әрекет жасамаған деген түсініктеме берген. Алдын ала саралауында, ұжымдастарымен тілдескенде 13 жылдың ішінде мұғалімнің теріс оғаш әрекеттері болмаған. Ешқандай да бір артық мінез-құлықтары байқалмаған. Сондықтан да тергеу амалдары істің мәнін ашып береді, - дейді Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Есжанов.

Шенеуніктер аталған білім ошағында бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Ал, полицияға 4-сыныпта оқитын екі оқушының ата-анасынан арыз түскен екен. Олар 61 жастағы ұстаз балаларымызға сексуалдық сипатта азғындық жасады деп көрсетті дейді құзырлы орган өкілдері. Содан кейін тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындаған.

Айта кететін жайт, полиция тергеу құпиялығына сәйкес жәбір көрді делінген оқушылардың ұл, не қыз екенін айтпады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді