Қаза тапқан сарбазды туыстары қазып алып, кісі қолынан қайтыс болғанын дәлелдеді

09.12.2023, 14:02
3293
Қаза тапқан сарбазды туыстары қазып алып, кісі қолынан қайтыс болғанын дәлелдеді halyq-uni

Қаза тапқан сарбаз Алмас Шәкімовке әділдік іздеген туыстары эксгумация жасатты.

SmartNews сайтының хабарлауынша, Алматы облысында дауыл кезінде қаза тапты делінген сарбаз Алмас Шәкімовтің денесіне туысқандары эксгумация жасатты. Олар бір жарым жыл бойы әділдік іздеп таппаған соң, осындай қадамға барып отыр. Бұл туралы КТК арнасы жазды.

Жақындары азаматтық борышын өтеуге өзі сұранып барған көкшетаулық жігіт кісі қолынан өлгенін қалайда дәлелдейміз деп бекінген.

 — Алматының әскери прокуратурасы болды, одан әділдік болмады. Өзіміздің Бас прокуратураға, Астананың әскери прокуратурасына, бәріне бардық. Бәрінен де әділдік, шындық болмады. Істі жылы жаппақшы, өзімізге қарсы шығып... - дейді марқұм сарбаздың әжесі Күлмайда Туғанбаева.

Шындық іздеп шырылдаған сарбаздың туғандары аса қиын болса да, ұлдарын қара жерден қазып алуға тәуекел етіпті. Айтуларынша, марқұмның денесінде сау тамтығы жоқ. Иығы, екі аяғы, аяқ сынған, санына шеге тыққан, басы жарылған.

— Мұның барлығы әскердегі әлімжеттік, Алмастың ажалы адам қолынан болды», - дейді туған-туысқандары.

Шындыққа жету үшін олар эксгумация жасап, тәуелсіз сарапшылар шақыртқан. 

Еске салсақ, 19 жастағы Алмас Шәкімов Алматы іргесіндегі полигондардың бірінде әскери жаттығу кезінде құмды дауыл басталып, өзге сарбаздарды құтқарып жүріп мерт болған. Әскери басшылығы оның басына темір құрастырмалы палатка құлады деп рапорт берген. Қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен де марапаттаған. Бірақ туғандары ол медальдан бас тартты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды