Елордада өткен XIV Қысқы қайырымдылық балында 90 млн теңгеден астам қаражат жиналды

09.12.2023, 14:28
1601
Елордада өткен XIV Қысқы қайырымдылық балында 90 млн теңгеден астам қаражат жиналды

Іс-шараны жыл сайын «Болашақ» корпоративтік қоры өткізеді

SmartNews сайтының хабарлауынша, 8 желтоқсан күні Астанадағы Hilton қонақүйінде  XIV Қысқы қайырымдылық балы өтті. Аталған қайырымдылық балы 2012 жылдан бері Болашақ қорының қолдауымен ұйымдастырылып келеді. Балдың биылғы шарасында 90 млн теңге қаражат жиналған. Ал бұл түскен қаражат қордың «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» әлеуметтік жобаларына бағытталмақ.

«Өткен жылы біз 10 балабақша мен мектепте инклюзияны қолдау кабинеттерін аштық, аутизм, Даун синдромы бар балаларға арналған футболдан инклюзивті секцияны іске қостық, ерекше балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету бойынша «OI SANA» жобасын іске қостық, тағы 500-ге жуық мектеп, колледж, балабақша директорларын, мамандар мен ата-аналарды оқыттық.

2015 жылы біз инклюзияны қолдау кабинеттерінің моделін әзірледік, ал қазір біздің моделіміз 700-ден астам білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру жүйесіне енгізілді. Бір кездері біздің жобаға келген кішкентай балапандар, міне қазір 9-сыныпты бітірейін деп жатыр. Сондықтан да бүгінде біз аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балалардың қарапайым кәсіптерді оқып үйренуі үшін инклюзия саласындағы басқа қорлармен бірге белсенді жұмыс жүргізіп келеміз.

Бүгінгі мейірімділік пен сұлулық мерекесін жасауға көмектескен демеушілеріміз бен серіктестерімізге алғыс айтқым келеді. Балдың аукционына лоттар ұсынғандары үшін Димаш Құдайбергенге және Испания Корольдігінің Елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегроға ерекше алғыс білдіргім келіп тұр, - деді «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан.

  Сурет: Bolashak Charity

Сондай-ақ төрайым Динара Гаплан балдың қоғам игілігі үшін үлкен үлескер боп жатқанын айта кетті.

«Осы балдың арқасында біз құқықтар мен мүмкіндіктер тең инклюзивті, ашық қоғам құрып жатырмыз. Балдардан түскен қаражатқа біздің қор ерекше балалары бар отбасылардың өмір сүру сапасын, инклюзивті білім беру саласында мамандарды даярлау сапасын және соның нәтижесінде инклюзивті білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыратын бүкіл әлемде қабылданған озық әлемдік тәжірибелерді, ғылыми дәлелденген тиімді әдістемелерді енгізеді. Сонымен қатар біз бүкіл ел бойынша инклюзивті алаңдар желісін құрдық, соның арқасында аутизм және дамуында басқа ерекшеліктер бар 800-ден астам баланы үйдегі оқытудан шығардық. Елдегі тұңғыш мінез-құлық талдаушыларын оқыттық, бүгінгі таңда енді олар ерекше балалармен жұмыс істейтін жүздеген педагогтар мен мамандарды оқытып жатыр» - деп атап өтті Динара Гаплан.          

Сурет: Bolashak Ball

Айта кететін жайт, инклюзивті білім беруді және дарынды жастарды қолдау ретінде Димаш Құдайбергеннің концерттік киімі, Геннадий Головкинның қолтаңбасы қойылған қолғап, теннисші Елена Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған ракетка, «Реал Мадрид», «Барселона» футбол клубтары ойыншыларының қолтаңбалары қойылған футболкалар, испан шабандозы Фернандо Алонсоның қолтаңбасы қойылған бейсболка, әлемнің экс бірінші ракеткасы Рафаэль Надальдің қолтаңбасы қойылған футболка XIV Қысқы қайырымдылық балының аукционында сатылды.

«Жақсы іс жасап жарысқан дұрыс. Халық үшін, қоғам үшін жасалған қайырымдылық арқылы рейтинг жасау өте жақсы. Мұндай игілікті істерді тыныш қана өткізе салу да дұрыс емес. Көп адамдар кейбір осындай маңызды оқиғаларды тез ұмытып жатады. Осындай шаралар расымен, көп адамның өмірін өзгертіп, жақсы жаққа бұра алады», - деді кеш қонағы Бейбіт Әлібеков.

Сондай-ақ балды тамашалауға келген көрермендер мен сыйлы қонақтар аз болмады. Кешті армандап келгендердің бірі Орынбасар Гүлбану. Ол балдағы әсерімен бөлісе отыра, дебютанттардың өнерін тамашалаумен қатар, өзінің арманын өз көзімен көретініне тамсанды.

"Бірінші рет келіп отырмын. Астанаға алғаш келгенімде, бал туралы жиі еститінмін. Өзім дебютант боп қатысуды армандағанмын. Бірақ бүгін қонақ боп қатысып отырмын. Кішкентай кезімдегі арманым орындалды. Өте қатты қуаныштымын. Әсер керемет. Дәл ертегідегідей. Ғажайыптар әлеміне тап болған сияқтымын", - деді балға келген көрермендердің бірі Гүлбану Орынбасар.

Кештің басты назарында - 30 дебютанттар болды. Олардың жарқын өнер көрсетуі бал қонақтарының көңілдерін шат етті. Қысқы қайырымдылық балдарын қоюшы-хореограф, Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультеті деканының орынбасары, «Звездные танцы Казахстан» телевизия жобасының қатысушысы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының жеңімпазы Евгений Моисеевпен бірге мамандықтары әр түрлі жастар бірнеше ай бойы бар ықыласын салып жаттыққан.

Сурет: Bolashak Charity

Дебютант жұптардың бірі - Абылайхан мен Ләззат. Олар кастинг пен репетиция туралы тілшімізге айтып берді.

"Жалпы алғанда, жаттығуларымыз әуелде пассивті түрде басталды. Репетициямыз бастапқыда өте қатаңдатылса, артынша, шамамен 3-4 дайындықтан соң келуге құлшынып тұрдық. Дебютанттармен басында әріптес боп араластық та, кейін достарға айналдық. Осылайша дайындыққа 3 ай өтті. Хореографымыз айтпақшы, 3 айымыз, лезде 3 күндей өте шықты. Осындай ауқымды шараға қатысып, оның үлескер мүшесіне айналғанымыз бізді кәдімгідей қуантады. Осы еңбегіміз қайырымдылық үшін, қоғам игілігі үшін жасалып жатқанына өте қуаныштымыз", - дейді дебютант жұп Ләззат Бекеш пен Абылайхан Балжігітов.

Жалпы алғанда, барлық жиналған қаражат «Болашақ» қорының аутизм және басқа менталдық бұзушылықтары бар адамдарды еліміздің колледждерінде кәсіби-техникалық оқыту бойынша сынамалы жобаларын іске қосуға, футболдан және шахматтан инклюзивті секцияларын ашуға, еліміздің балабақшаларында инклюзияны дамытуға, менталдық денсаулық бойынша «Oi SANA» жобасын жүзеге асыруға, сондай-ақ әлемдік біріншіліктерге қатысу үшін дарынды жастарға жол жүру гранттарын беруге бағытталмақ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды