Саясат Нұрбек: "Аукциондағы ең бағалы зат - Димаштың күртесі"

09.12.2023, 15:55
932
Саясат Нұрбек: "Аукциондағы ең бағалы зат - Димаштың күртесі" smartnews.kz

"Қайырымдылық балына жыл сайын қатысуға тырысамын" дейді министр.

SmartNews сайтының хабарлауынша, 8 желтоқсан күні Астанада өткен XIV Қысқы қайырымдылық балына Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қонақ боп барды.

Министр SmartNews тілшісіне берген қысқа сұхбатында бал туралы ғана емес, "Болашақ" бағдарламасы туралы да айта кетті:

"Жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі бал. Ең басынан алғаш рет ұйымдастырылғаннан бастап үнемі қатысуға тырысамын. 2012 жылы алғаш ұйымдастырылғанында мен Болашақ бағдарламасының халықаралық орталығының басшысы болғанда бастау алғаны есімде. Жыл сайын қатысуға тырысамын", - дейді министр.

Министр кеше ғана дүркіреп өткен "Болашақ" халықаралық стипендиясына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған форум жайында сөз етті:

"Бүгін мерейтойлық форумы өткен еді. Сол кезде бұл бағдарламаны бітіріп келген көптеген түлектеріміз келді. Сол форумның жалғасы ретінде осы XIV Қысқы қайырымдылық балы өтіп жатыр. Маңыздысы, ағылшындар айтпақшы, "giving back to the society" дегендей, кез келген оқыған азаматтардың басты миссиясы – қоғамды қолдау. Сол қоғамның игілігіне жарау, өз мүмкіндігінше алған ресурсын қайтару. Мұның жақсы үлгісі – "Болашақ" бағдарламасының стипендиясы мен "Болашақ" қайырымдылық балы", - деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ министр Саясат Нұрбек мұндай балдарды ұйымдастырудың маңызы мен оның пайдасы жайлы айтты.

"Бенджамин Франклиннің "Адами капиталға салынған инвестиция - ең жақсы инвестиция" деген сөзін тілге тиек еткім кеп тұр. Сондықтан осы бал да қоғамға белгілі кәсіпкер мен қайраткерлердің балалар үшін жасап жатқан елеулі инвестициясы. Балдың қоғамға қосар үлесі көп екенін бұрыннан білеміз", - дейді министр.

Сондай-ақ аталған қайырымдылық балында құнды лоттар сатылымға қойылған болатын. Оның ішінде Димаш Құдайбергеннің концерттік киімі, Геннадий Головкинның қолтаңбасы қойылған қолғап, теннисші Елена Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған ракетка, «Реал Мадрид», «Барселона» футбол клубтары ойыншыларының қолтаңбалары қойылған футболкалар, испан шабандозы Фернандо Алонсоның қолтаңбасы қойылған бейсболка, әлемнің экс бірінші ракеткасы Рафаэль Надальдің қолтаңбасы қойылған жейдесі. Саясат Нұрбек бұл аукционның маңыздылығын айта отырып, бұлардың ішіндегі ең бағалысы Димаштың күртесі болар деген пікірін білдіре кетті.

Еске сала кетсек, жыл сайын «Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастыратын қайырымдылық балы биыл 14 рет өткізіліп жатыр. Қордың шотына қайырымдылық балы 2012 жылдан бері жалпы алғанда 800 миллион теңгеден астам ақша түскен. Ал биылғы қайырымдылық балында 90 млн теңге қаражат жиналған.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды