Төменгі класс оқушысын сабаған оралдық оқушылардың ата-аналары жауапқа тартылды

09.12.2023, 20:18
4307
Төменгі класс оқушысын сабаған оралдық оқушылардың ата-аналары жауапқа тартылды astanatv

"Баламды туалетке кіргізіп ұрады дейді"

SmartNews сайтының хабарлауынша, Оралдағы №38 мектеп-лицейдің 8-класс оқушысын жәбірлеген жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылған. Бұл туралы AstanaTV арнасы жазды.

Келеңсіздікке жол берген мұғалімдерге де енді шара қолданылады. Айта кетейік, 9-класс оқушылары өзінен екі жас кіші жеткіншекті әжетханада сабауды әдетке айналдырған. Мұнымен шектелмеген олар күш көрсеткенін видеоға түсіріп, Инстаграмға жариялапты. Баласы таяқтан көз ашпаған баланың ата-анасы тентектерге қатаң жаза қолдануды талап етіп отыр. Өйткені әлімжеттік жасаған жасөспірімдердің ата-аналары кешірім сұрау түгілі, өздерін балағаттаған көрінеді.

Балам деген уже күнде соққы алып, туалетке кіргізіп ұрады дейді. Күндегісін күнде ұрады дейді. Енді айта алмай тұр ғой бізге бала деген. Әбден Инстаграмға тарағаннан кейін барып айтып тұр ғой. Директор, басшыға да бәріне де айттым. Завуч та бәрі біліп отыр. Екінші рет кешірім беріңізші, үшіншіде қайталанбайды дейді. Менің үшінші рет қайталанатынына көзім жетіп тұр, - дейді жәбірленген баланың анасы Назгүл Дауылбаева.

Орал қалалық білім беру бөлімі құрған комиссия лицейдегі лаңды тексеріп жатыр. Баласы қысым көрген ата-ананың жанайқайына құлақ аспаған оралдық омбудсменнің де жұмыстан кетуі мүмкін. Оралда іссапармен жүрген оқу-ағарту министрі бұл мәселені бір аптада шешуді тапсырды.

Қоғаммен жұмыс істеуде, балалармен жұмыс істеуде жалпы мұндай балалар құқығын қорғау өкілінің екі тілді болғаны абзал. Себебі баламен тілдесу үшін де оның тілінде сөйлемеу бұл балалардың белгілі бір деңгейде құқығын шектеуге алып келеді. Сондықтан бұл көтеріп отырған мәселе заңды және қажетті деп есептеймін, - ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды