Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

10.12.2023, 09:45
597
Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды canva.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады.

Атырау облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Таңертең және түстен кейін Шымкентте тұман болады деп болжанады. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Ақтауда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Кейде көктайғақ болады деп күтілуде. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 

11 желтоқсанда таңертең және түстен кейін Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, 12 желтоқсанға қараған түні өңірдің таулы аудандарында қалың қар жауады. 10-12 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын жүреді. 10 желтоқсанда көктайғақ болады. 10-12 желтоқсанда өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Алматы мен Қонаевта тұман болады.

Семей қаласында 9 желтоқсанда сағат 21.00-ден 10 желтоқсанда сағат 21.00-ге дейін күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҚМЖ туралы ескерту өз күшіне қала береді. 

9 желтоқсанда сағат 21.00-ден 10 желтоқсанда сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты жарияланған екінші дәрежелі ҚМЖ ескертуі өз күшіне қала береді. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше үйлесімі болып табылады.

«Продюсерім – қылмыстық топтың басшысы болды»: есірткімен ұсталған Q-Pop тобының бұрынғы әншісі алғаш рет сұхбат берді «Ұлымның әкесіне таңғаламын»: Дана Нұржігіт марқұм күйеуі Владимир Рерих туралы «Басың істей ме?»: Баян Мақсатқызы қызына ұрысып тастады (ВИДЕО) «Күйеуімді жиенімнің құрбысын үйлендіріп жібердім»: Майра Ілиясова неге күйеуіне басқа әйел алып бергенін ашып айтты «Парламентте көтергім келеді»: Нағима Есқалиева әйелдер күйеуін бөлісу керегін айтты (ВИДЕО) Қалдық көп, шешім бар ма? Жастар экология жайын талқылады Алаяқтарға алданып қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер жаңа баспана сыйлады (ВИДЕО) Ауғанстан енді шахмат ойнауға тыйым салды «Қыздың әке-шешесі – әкімнің достары»: Ауылдың бұрынғы әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді Астанада ер адам терезеге асылып қалған (ВИДЕО) Ақтауда он шақты жігіт жол үстінде жаппай төбелескен (ВИДЕО) Жетісуда арқанмен өзеннен өтпек болған ер адам суға құлап, із-түссіз жоғалды (ВИДЕО) Неміс депутаты: «Путиннің ұсынысы – алдаусырату» Атышулы немересі өлтіріп кеткен экс-әкім мен әйелінің ісі: марқұмдардың жәбірленуші қызы мұраға таласып жатыр «Сатқындық жасағанымды мойындадым»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйеліне шарт қойған (ФОТО) «Ту сыртынан шабуылдаған»: 10 жасар бала күдікті ұрлап бара жатқан қызды құтқарып қалды Енді жасанды интеллект қатерлі ісік кезіндегі өмір сүру ұзақтығын селфи болжай алады «Багажға салып, ұрады»: Ақтауда тұрғындар иттерді құтқаруды талап етіп жатыр (ВИДЕО) Жаңа Рим папасы Арыстан XIV Украина мен Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев 40 жас мерейтойын өткізді (ВИДЕО)