Қазақстан мен Кипр СІМ басшылары ауқымды ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

10.12.2023, 12:21
647
Қазақстан мен Кипр СІМ басшылары ауқымды ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі gov.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен кездесу өткізді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Кипр қатынастарының бірқатар маңызды мәселелерін талқылады. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасты. Атап айтқанда, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Астана мен Никосия арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.

К. Комбостың айтуынша, екіжақты өзара іс-қимылды жандандыру үшін өз елінің үкіметі келесі жылы Астанада Кипр елшілігін ашуға ниетті.

Министрлер ынтымақтастықтың жаңа перспективалы салаларына тоқталып, көлік, логистика және туризм салаларындағы өзара әрекеттесудің іске асырылмаған әлеуетін атап өтті. Олардың қорытындысы бойынша, бірінші кезектегі қадам ретінде екі ел арасында тікелей әуе қатынасын орнату мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар 2024 жылға жоспарланған Кипр СІМ басшысының Қазақстанға сапары барысында Қазақстан-Кипр ынтымақтастығы мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға дайын екендерін растады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды