Мажарстанда жүрген Димаш қазақтың әнін орындады
Димаштың қазақ әнін орындағаны жұртты таң қалдырды.
SmartNews сайтының хабарлауынша, танымал қазақстандық әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген қызыл фортепианода қазақтың «Құсни, Қорлан» әнін орындап жатқанының видеосын салды. Бұл туралы EL.kz ақпарат агенттігі жазды.
Венгрияда гастрольдік сапармен жүрген Димаш Құдайберген музыкалық инструменттер арқылы демалатынын байқау қиын емес. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол «Құсни, Қорлан» әнін орындап отырған видеосын жариялады.
Қазір Венгриядамын. Жұмыс кезінде халық әніне айналып кеткен «Құсни, Қорлан» әнін орындауды жөн көрдім, – деп жазды Димаш.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші