Шымкентте дәрігерлер жол апатына түскен ауыр жағдайдағы жүкті әйелді құтқарды

10.12.2023, 17:29
1409
Шымкентте дәрігерлер жол апатына түскен ауыр жағдайдағы жүкті әйелді құтқарды gov.kz

Дәрігерлер екі күрделі операция жасаған.

SmartNews сайтының хабарлауынша, ағымдағы жылдың 26 қарашасында №1 қалалық клиникалық ауруханаға 1995 жылы туған жүкті әйел жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Дәрігерлер ауыр жағдайда түскен пациентке шұғыл операция жасады.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында, автокөлік апатынан жүкті әйел ұсақ жарақат, миының шайқалуы, кеуде қуысының қысылуы, қабырғалардың сынуы және көптеген сүйектердің сынуы  секілді жарақаттар алғаны туралы жазылған.

Дәрігерлер екі күрделі операция жасаған. Операцияның бірінші кезеңінде дәрігерлер жүкті әйелдің жамбас сүйегіне, содан кейін оң жамбас сүйегіне және аяқтың сүйектеріне бекіту құрылғысын хирургиялық жолмен орнатқан. Барлық операциялар сәтті өтіп, дәрігерлер қауіптің алдын алған. Күрделі операцияны академик Асхат Әбдімёуленов пен №1 қалалық клиникалық аурухананың травматолог-дәрігері Эльдар Смағұлов жүргізген.

Бес күн реанимацияда болған пациент палатаға ауыстырылды. Қазіргі уақытта жүкті әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, ол өзін жақсы сезінеді. Барлық функционалдық және қозғалыс дағдылары сақталған. Күрделі операцияға қарамастан, жүктілігі сақталды, - делінген ведомство хабарламасында.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды