45 градус аяз: 11 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

11.12.2023, 09:55
588
45 градус аяз: 11 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды canva.com

«Қазгидромет» РМК 11 желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады.

11 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 11 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.

11 желтоқсанда Атырау облысында шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік- батысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында 11 желтоқсанда шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

11 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.Түнде облыстың басым бөлігінде қатты аяз 40-41 градус. Петропавл қалсында 11 желтоқсанда түнде 40-41 градус қатты аяз күтіледі.

11 желтоқсанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында көп қар түседі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 15-20 м/с.

11 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 16 м/с күтіледі.

11 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы қаласында 11 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. Қонаев қаласында 11 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

11 желтоқсанда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

11 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23 м/с. Шымкент қаласында 11 желтоқсанда таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Шымкент қаласында 11 желтоқсанда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

11 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

11 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде 45 градус өте қатты аяз күтіледі.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды