678

Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды

Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты 2023 жылдың 11 желтоқсаны күні екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды
gov.kz

Smartnews.kz хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК синоптиктері Астанада 11 желтоқсан күні ауа температурасы -28-30 градусқа дейін суытады деп болжам жасады. Күндіз желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды.

Қала тұрғындары мен қонақтары жарақаттану мен үсіп қалу секілді қиын жағдайларға ұшырамас үшін қауіпсіздік шараларын сақтауы және көшеде ұзақ уақыт болмауы қажет.