Астанада робот науқастарға күрделі ота жасады

11.12.2023, 18:02
901
Астанада робот науқастарға күрделі ота жасады Хабар-24

Астаналық дәрігерлер биоинженерияның соңғы жетістіктерімен танысты. Шетелдік мамандармен біліктілік алмасу барысында роботты қолдану арқылы күрделі операция түрлері жүргізілді. Бұл туралы Хабар-24 хабарлап отыр.

Қазақстанда буын аурулары өршіп барады. Елде жыл сайын 15 мың адам буын алмастыру операциясын қажет етеді. Науқасқа шұғыл ем-дом жасауда жасанды интеллектінің көмегі зор. Бұған астаналық дәрігерлер көз жеткізді.

АҚШ-та жасалған робот 5 науқасқа эндопротездеу бойынша операцияны сәтті өткізді. 3D сканерлеудің арқасында робот имплантты мінсіз орнатты. Бұл адам ағзасында кейін ауырсыну мен асқынуларды болдырмайды дейді мамандар. 

"Біз, хирургтар, өздеріміз жасайтын болсақ, бірнеше этаптан жасаймыз. Ал робот бір этаппен сол протезді қоюға көмектеседі. Ол дегеніміз, операцияның ұзақтығы да қысқарады. Және жарақат алуы да аз болады науқастың. Науқастың отадан кейін сауығуы тез болады", - деді Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының дәрігері Асқар Бекназаров. 

Дәрігерлердің айтуынша, буын аурулары алпысты алқымдағандар арасында белең алған. Шымкенттен келген Зәуре Байтееваға роботтың көмегімен ота жасалды. Қазір жағдайы жақсы, жүріп-тұруым әлдеқайда жеңілдеді дейді.

Дәрігерлер робот болашақта травматология саласында тұрақты қолданылатынына сенімді. Операция залында ол сенімді көмекші дейді. Ал бұл өз кезегінде буын функциясының бұзылуынан қиындық көрген науқастарға жедел көмек беруге үлкен мүмкіндік.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды