Қызылордада боранда жоғалған малшы табылды

12.12.2023, 18:15
809
Қызылордада боранда жоғалған малшы табылды polisia.kz

Қызылордалық полицейлер боранды күні жоғалған малшыны іздеп тапты.

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, 11 желтоқсан күні Қызылорда облысында ауа райы күрт өзгеріп, -25 градусқа дейін суытты.

Сол күні күндізгі сағат 10:00 шамасында 46 жастағы азамат 16 жастағы ұлымен бірге Жалағаш ауданының Жаңадария ауылынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Ақшоқы учаскесінде орналасқан фазендадан екі жаққа бөлініп, мал іздеуге шыққан. Алайда сағат 14:00 шамасында оралған әкесі баласының фазендаға әлі келмегендігін біліп, автокөлікпен іздеуге қайта шығып кеткен.

Ұлын таба алмаған азамат полиция қызметіне жүгінді. Осы дерекке байланысты жоғалған жасөспірімді іздестіруге Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу жұмылдырылды.

Полицейлер, Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен еріктілерден арнайы топ құрылып, жоғалған жасөспірімді іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ауданның барлық ауылы, далалық жолдар түгел қамтылды. Іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған бала түнгі сағат 02:00-де дін аман табылды. Ол Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылына қарасты далалық жерден солтүстікке қарай  20 шақырым жерден табылды.

– Іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Ұлы қатты желдің әсерінен жолынан адасқан. Үздіксіз жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде  ол аман-есен табылды. Аймақ тұрғындарынан дауылды ескерту жарияланған уақытта алыс сапарға шықпауларын сұраймыз. Шаруа қожалықтарының жұмысшылары қыстаулар мен жайылымдардан алыс кетпеуге тырысу қажет, – дейді департамент бастығы Махсудхан Аблазимов.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді