863

Шавкат Рахмонов келесі жылға басты жоспарын айтты

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) келесі жылы UFC чемпиондық атағын жеңіп алғысы келетінін ашып айтты. Бұл туралы Халық Үні хабарлап отыр.

Шавкат Рахмонов келесі жылға басты жоспарын айтты
prosports.kz

Мен келесі жылы UFC чемпионы атағына таласқым келеді. Басты мақсатым – чемпиондық белбеуді иеленіп, Қазақстанға қайту, – деді ол The MMA Hour-ға берген сұхбатында. 

Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін 17 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 296 жарысында өткізеді. Бұл жерде ол америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) октогонға шығады. 

Аралас жекпе-жек шебері UFC-де 6 жекпе-жек өткізіп үлгерді. Оның бесеуінде уақытынан бұрын жеңіске жетті. Қазір ол жартылай орта салмақ рейтингінде 5-орында тұр.