Еуропалық Одақ жобасы Қазақстанда цифрлық белсенділіктің артқаны туралы хабарлады

13.12.2023, 17:52
804
Еуропалық Одақ жобасы Қазақстанда цифрлық белсенділіктің артқаны туралы хабарлады ОАЕҚ

Бүгін «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы азаматтық шешім қабылдау» жобасы өз нәтижелерін жариялады. Жобаны Орталық Азияның Еуразия қоры (ОАЕҚ) «ITeachMe» қоғамдық қорымен серіктестікте Еуропалық Одақтың (ЕО) қаржылық қолдауымен жүзеге асырады.

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, жоба аясында 100 мыңнан астам қазақстандық азаматтық технология құралдары мен қолжетімді ресурстар туралы хабардарлығын арттырды. Әйелдер мен жастар азаматтық технология құралдарын пайдалана отырып, қоғамдық мәселелерді шешу дағдыларын жетілдірді.

«Бүгінде цифрлық трансформация адамдардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, мемлекеттік қызметтерді жасына, жынысына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін қолжетімді етті. Әйелдер мен жастардің өзгерістердегі  рөлі күшейіп жатқандықтан, біз олардың цифрлық дағдыларын дамытуымыз керек. Бұл жоба арқылы біз Қазақстанның демократияны нығайту үшін естуші мемлекет құруға деген ұмтылысын қолдаймыз», – деді Еуропалық Одықтың Қазақстандағы Өкілдігі ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур.

Атқарылған жұмыстардың нәтижелерін мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, азаматтық белсенділер мен журналистер талқылады. Олар цифрлық құралдарды белсенді қолдануда айтарлықтай ілгерілеушілік бар екенін атап өтті, себебі азаматтық технологияларды пайдалану мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін жақсартады. Бұл технологиялар сонымен қатар пайдаланушыларды демократиялық процестерге тартуға және үкіметтің қоғам алдындағы жұмысын ашығырақ етіп, есеп берушілігін күшейтеді. Қазақстанда ең көп қолданылатын азаматтық технологиялар – eGov, eOtinish.

Фото: ОАЕҚ

«Цифрландыру – бұл адамдардың игілігі үшін жаңа нәрселерді енгізу процесі ғана емес. Бұл процесс азаматтар мен билік арасында көпір орнатып, олардың өзара іс-қимылын тиімдірек етеді. Біздің жоба қазақстандықтарға шешім қабылдау процестеріне белсенді қатысуға, саясатқа ықпал ету және цифрлық технологиялар арқылы мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуге көмектеседі», - деді ОАЕҚ директоры Ринад Темірбеков.

Жоба аясында қазақ және орыс тілдерінде жинақ дайындалды, оған қоғамдық мәселелерді шешу және өз қауымдастықтарындағы өмірді жақсарту үшін азаматтық технологияларды пайдаланған азаматтық белсенділер мен коммерциялық емес ұйымдарының 11 жетістік жолы кірді.

Фото: ОАЕҚ

Қосымша ақпарат алу үшін ОАЕҚ директоры Ринад Темірбековке, тел.: + 7(727) 250-18-10, rinad@ef-ca.org немесе Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігіне  delegation-kazakhstan-pic@eeas.europe.eu  хабарласыңыз.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр