Ілияс Жансүгіровтің төте жазумен жазылған жинағы табылды

13.12.2023, 19:39
679
Ілияс Жансүгіровтің төте жазумен жазылған жинағы табылды gov.kz

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жансүгіров оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, Алматы қаласының тұрғыны, кино режиссер Ербол Бораншаұлының жеке кітапханасынан Ілияс Жансүгіровтың төте жазумен жазылған «Өтірік» атты өлеңдер жинағы табылды. 1927 жылы Мәскеу баспасынан шыққан кітап Ілияс Жансүгіров атындағы облыстық әдеби мұражайға өткізілді. Бұл сүйінші хабарды мұражай меңгерушісі Нұргүл Жауынбаева Жетісу университетінде өткен «Жансүгіров оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, бұл – бұрын-соңды ешкімнің қолына түспеген түпнұсқа кітап.

Жансүгіров оқуларына еліміздің түкпір-түкпірінен келген Ілиястанушы ғалымдар мен студент жастар қатысты. Кездесуде Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жан-жақты талқыланды.

Жиында баяндама жасаған ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор, филологтарды даярлау жөніндегі доцент Шара Қияхметова бұрынғы зерттеу жұмыстарында табылған бірқатар дүдәмал деректерді атап өтті.

«Батыр Қалмырзаевтың «Ілияс Жансүгіров және «Қазақ» газеті» атты мақаласында Ілияс деп көрсеткен 1914-1916 жылдар аралығында «Қаптағай» атты бүркеншік атпен «Қазақ» газетінде жарияланған, қазақ халқының империалистік соғысқа және әскери салық төлеуге қатысы туралы мақала Біләл Сүлеевке тиесілі. Ақын өмірбаянына сәйкес ол өзінің алғашқы мақаласын 1921 жылғы 22 наурыздағы «Жас алаш» газетінде «Замандастарына Жолдау» деп атайды. Ол туралы: «1931 жылғы «Жаңа әдебиет» журналының 6-7 санында жарияланған өмірбаянында Ілияс өзінің қалам жұмысына 1920 жылдан бастап араласа бастағанын жазған»-деді Ш.Қияхметова.

Сондай-ақ, ол фотоархивтерде бейнеленген тұлғаларды сәйкестендіру арқылы өз дәлелін келтірді.

Пленарлық отырысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, ф.ғ.д. Сауле Ержанова, ф.ғ.д., «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының меңгерушісі профессор Мұратбек Имангазинов, ф.ғ.к., ҚазҰқызПУ профессорының м.а., Ләззат Әділбекова қатысып, Ілияс шығармаларының ғылыми-теориялық мәселелерін көтерді.

Кездесу соңында Ш. Қияхметованың «Ілиястану» оқулығының тұсауы кесілді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады