Әлеуметтік желіде 4 жалған парақша ашып, тұрғындарды алдаған студент ұсталды

13.12.2023, 20:48
669
Әлеуметтік желіде 4 жалған парақша ашып, тұрғындарды алдаған студент ұсталды polisia.kz

Түркістан облысында жиһаз жасаймын деп әлеуметтік желіде 4 жалған парақша ашып, тұрғындарды алдаған студент жігіт ұсталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап, арызданды. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу Instagram әлеуметтік желісінде үй жиһазын жасап беретінін айтып, ақшасын иемденген. Келіп түскен шағымға байланысты жедел-іздестіру шараларына Cyberpol тобының тәжірибелі полиция қызметкерлері жұмылдырылды. 

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде Атырау қаласының 20 жасар тұрғыны анықталды. Әрі қарай тексерулер барысында жігіттің студент екені және ол әлеуметтік желіде 4 бірдей жалған парақша ашып, тұрғындарды алдағаны белгілі болды. Мақтааралдық тергеушілер студент жігіттің 10 адамды алдап, 4 миллион теңге шығын келтіргенін нақтылады.

Яғни, жас жігіт instagram-да үй жиһаздарын арзан бағада жасайтынын айтып, жалған жарнамалар жасап облыстың тұрғындарын алдаған. Сенім білдірген азаматтар жас жігіттің парақшасындағы жиһаздардың суреті арқылы тапсырыс беріп, ақшаны алдын ала онлайн аударған.

Бүгінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті жігіттің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды