941

«Тақиялы періште» фильмі ағылшын тіліне аударылды

Қазақ киносындағы жарық жұлдыздың бірі Тайлақ ағылшынға сөйлей бастады. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

«Тақиялы періште» фильмі ағылшын тіліне аударылды
Видеодан алынған кадр
 

«Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында АҚШ елшілігінің қызметкерлері классикалық қазақ көркем фильмдерімен танысып, оларды ағылшын тіліне аударып көргісі келді. Сүйікті фильмдеріңіздің ағылшын тіліндегі толық нұсқасын көргіңіз келе ме?», - деді елшіліктен.

Ағылшынша аудармада Тайлақты - Lucas, Биші қызды - Lola, Сырлыбай бидің сөзін - Colin, Ермек Серкебаевты - Johnibek, Оралды Chris дыбыстаған.

Еске салайық, режиссер Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмі 1968 жылы жарыққа шықты.