Жындыхана есебінде тұрған сепаратисті сот жазадан босатты

14.12.2023, 12:58
682
Жындыхана есебінде тұрған сепаратисті сот жазадан босатты canva.com

Бүгінде аузына не келсе, соны айта беретін бейпілауыз адамдар көбейді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Олар әсіресе, әлеуметтік желіде отырып, ұлтаралық араздықтың дәнін себетін болды. Ондай адамдардың желіге жазған немесе желіде айтқан сөздеріне құқық қорғау органдарының қызметкерлері күн сайын мониторинг жүргізіп отырады. Тіпті желіге жалған атпен кіріп, жасырынып отырып жазба жүргізген күннің өзінде де кім екенін анықтап алады. Осыған өресі жетпей, ұлтаралық араздық тудыратын сөздерді айтушылардың талайы ұсталып, сотталып та жатыр. Адамдардың мұндай істерімен әшкере болғанының соңғы уақыттағы бірер оқиғасына тоқтала кетсек дейміз. Себебі ұлтаралық араздықты ұшқындату үрдісі азаймай тұр. Ал мұндай өте нәзік әрі алмағайып қасақана істің зардабы үлкен. Оны отпен ойнау дейді. Отпен ойнаймын деп  күйіп қалып жатқандар қаншама.

Желтоқсанның басында Түркістан облысының 28 жастағы тұрғынына халықаралық іздеу жарияланды. Себебі ол ұлтаралық араздық тудыратын сөздерді айтып, әлеуметтік желіге бейнежазба таратқан. Ал іздеу жариялануының себебі – бой тасалап шет елге шығып кеткен. Полицейлер ғаламторды бақылау барысында ер адамның ұлт өкілдерінің біріне қарсы дөрекі сөз сөйлеп, қазақ және өзбек халықтарының арасында алауыздық тудырған бейнежазбаны анықтаған. Ол адам бейнежазбаны  әлеуметтік желіге жариялаған. Облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және бейнежезбадағы анықталған адамға халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады. Іс Қылмыстық кодекстің әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру әрекетін қарастыратын 174-ші бабы бойынша қозғалды. Ұлтаралық араздықтың ұшқынын үрлеген адам ұсталған күнде екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге қамалады. Сот шешімі болмағандықтан әзірге түркістандық араздық тудырушының аты-жөні айтылмаған.

Ал осыдан оншақты күн бұрын Астанада әйел адам сотталды. Мәліметтерде оның аты-жөні келтірілген. Сот Астана тұрғыны Наталья Свириденконы қазақ халқына тіл тигізді және ұлтаралық араздық тудырды деп айыптап, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Бұл әйел де Қылмыстық кодекстің 174-ші бабымен сотталды. Яғни ол әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру әрекетін жасаған.

Бұл әйел түн ортасында Астанадағы үйінде TikTok әлеуметтік желісінде «Queen 2» аккаунтымен тікелей эфир жүргізген. Сот үкімінде осы хабар барысында ұлттық араздықты қоздыруға және азаматтардың ұлттық қадір-қасиетін қорлауға бағытталған қылмысты жоспарлаған делінеді. Бұл әйел өз жазылушыларының арасында әртүрлі ұлт өкілдерінің бар екенін біліп, қазақ ұлты өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай бастаған. Ал мұндай әрекеті желі қолданушылар арасында талқыға түсті, көпшілік наразылық білдірді.

Бұл әйел қазақ халқына қарсы дөрекі және балағат сөздер айтып қана қоймай, оларды маймылдармен салыстырған. Бір адамның сыртынан ғайбат айтып,  балаларын жерлеймін деген. Ал Алматы мен Жаңаөзендегі қайғылы оқиғаларға қазақтарды кінәлаған. Сот Свириденконың мұнысын телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, этникалық қақтығысты қоздыруға және азаматтардың ұлттық намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге қасақана әрекеттер жасаған деп дәрежелеген. ТикТоктағы жазбаны қарап шыққан сот Свириденконың мәлімдемелері бүкіл қазақ халқына да, Қазақстан үкіметіне де қарсы бағытталған қорлау және балағаттайтын сөздерге, оның ішінде ұятсыз және былапыт сөздерге толы деген қорытындыға келген.

Ал оның алдында, яғни қазанның соңында Қарағанды соты 32 жастағы адамды екі айға қамады. Ол да әлеуметтік желіге ұлтаралық араздықты қоздыратын сөздерімен шыққан. «Қазақстанда орыстарды өлтіру керек, мұсылмандықты қабылдамағандарды адам деп есептемейтінін» деп желпінген.

Петропавл қаласында әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықтың отын үрлеп келген адам жазадан құтылып кетті. Себебі ол жындыханада есепте тұрған көрінеді. Оның аты-жөні Валерий Лихушин екен. Сегіз жылдан бері әлеуметтік желіде Petr Sidorov деген бүркеншік атпен қазақ ұлтының ұлттық құндылықтарын мазақ етіп келген.  Ол Қазақстанның солтүстігіндегі Петропавл қаласын Ресейге қосу туралы мәселе көтеріп, мемлекеттік шекараның тұтастығын бұзуға әрекеттенген. Бір сөзінд ол: «Қазақтар – калбиттер, маймылдар. Бір-бірлеріңді өлтірулерің керек. Сендердің жазаларыңды Путин береді» деген сөздерді айтқан.

Қысқасы, ел ішінде ұлтаралық араздықты қоздырғысы келетіндер азаймай тұр. Арандап қалудан сақ болу керек.  

Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды