Ресейге қарсы санкция: Еуроодақтың арнайы шабарманы ескертеді

14.12.2023, 16:24
652
Ресейге қарсы санкция: Еуроодақтың арнайы шабарманы ескертеді canva.com

Еуроодақтың кезекті 11-ші санкция пакетіне барлығы 87 компания енгізілген екен. Олардың бәрі экспорттық қадағалауды айналып өтіп Ресейдің әскери-өнеркәсіптік базасын қолдау мақсатында Америка өндірген тауарларды сатып алған немесе сатып алуға тырысқан делінеді. 87 компанияның озық технологиялар мен қос мақсаттағы тауарларды экспорттауына Еуроодақ қатаң шектеулер қойды.

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциясының 11-ші пакетіне Өзбекстанның екі компаниясы ілікті. Олар – кеңселік техника мен жабдықты көтересіне сататын «Alfa Beta Creative» және логистикалық қызмет көрсететін «GFK Logistic Asia» деген компаниялар. Еурокомиссияның сайтындағы есепте осы екі компания Ресейдің қорғаныс өнеркәсібіне керекті тауарларды Батыстан сатып алуға әрекет еткен делінген. Бұл компаниялар бұған дейін АҚШ Қаржы министрлігінің санкциясына да іліккен екен. Бұдан бөлек, өткен жылы АҚШ санкциялардың тізіміне ресейлік «Радиоавтоматика» компаниясымен қызметтестігі үшін  Өзбекстанның Promcomplektlogistic деген компаниясын да енгізген көрінеді. 

Санкцияның 11-ші пакеті Ресейге қару-жарақтың бөлшектерін, автомобильдерді, зияткерлік меншіктерді немесе коммерциялық құпияларды, тіркемелер мен жартылай тіркемелерді экспорттауға, Польша мен Германияға Ресейдің мұнайын «Дружба» құбырымен тасымалдауға, Еуропа порттарында Ресей танкерінен өзге танкерге мұнай қотаруға тыйым салады.

Eurasianet және «Российская газета» басылымдары Өзбекстаннан Ресейге Chevrolet көліктері ағылып жатқанын жазыпты. Соның ішінде құны 11,6 мың долларлық Chevrolet Damas минивендері көптеп өткізіліп жатыр. Бұл көліктерді шығаруға лицензия беретін General Motors Концерні бүгінде Ресейден көшіп кеткен. Соғыс басталғаннан бергі екі жылдың шамасында Ресей мен Өзбекстанның сауда қатынасы екі есеге артқан. Тауар айналымы 9 миллиард долларға жетті. Бұл оның алдындағыға қарағанда 23 пайызға артық. Соның ішінде Өзбекстанның Ресейге тауар экспорты 47  пайызға көбейген.

Бұған дейін Қазақстанның «Аспан Арба», Da Group 22 және Өзбекстанның  Mvizion компанияларының аттары аталып келгені мәлім. Бұл компаниялар санкциялардың 12-ші пакетінің тізіміне енгізілуі мүмкін деп жатыр. Орталық Азия елдері арқылы Ресейге Батыстың немесе Қытайдың тауарлары асырылып жатқанымен санкция тізіміне Еуропа елдері мен Қытай енгізілмеген. Өйткені Орталық Азия елдерінің компаниялары Еуропа мен Қытайдан қару-жарақ бөлшектерін немесе микрочиптерді сатып алады. Қытай өздігінен Ресейге ондай тауарды тікелей аттандырмайды, оны өзге елдер сатып алып барып Ресей асырады деп жатады. Мұндай схемамен Солтүстік Корея да жұмыс істейтін көрінеді. Жалпы, есептерде Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуде Орталық Азия елдерінің, Соның ішінде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан территорияларының белсенділігі артып жатқаны келтірілген. Соғыс басталғалы бері Батыстың және Қытайдың электроникасы мен микрочиптерінің және ұшу аппараттарының Ресейге Орталық Азия елдері арқылы жеткізілуі жалғасып жатыр дегенге келтірілген. Бір айта кетерлігі, Орталық Азия елдерінің санкцияға ілігіп жатқан компаниялары Ресей азаматтарының меншігінде деген әңгіме бар.

«Аспан арба» компаниясы Қытайдың DJI деген фирмасының ұшу аппараттарын Ресейдің «Небесная механика» компаниясына сатып келген деседі. Ұшу аппараттары әскерилерге, Ішкі істер министрлігіне, күзет қызметтеріне және Төтенше жағдай министрлігіне жеткізілгені айтылды. Da Group 22 компаниясы мыңдаған микрочиптерді асырып келген көрінеді. Өзбекстанның Mvizion компаниясы электрондық құрылғылар мен компьютерлік бағдарламаларды Ресейдің әскери қимылмен байланысты фирмаларына асырыпты.

Бұл мәселені қыркүйекте Германия канцлері Олаф Шольц көтерді. Ал Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстан мен Өзбекстанға сапары кезінде де осы жағдайларды айтып, ондай компанияларға қарсы шараларды күшейту керектігін айтты. Басында Қытайдың жеті компаниясы санкцияға ілігетін болған екен. Кейін жеме-жемге келгенде олар тізімге алынбаған.

Еуроодақтың санкциялар жөніндегі арнайы шабарманы Дэвид О’Салливан 29-30 қарашада Өзбекстанға келген. Ондағы мақсаты Өзбекстандағы компаниялардың Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуінің жолын кесуді Өзбекстан билігімен бірге пысықтау болған. Оның алдында көктемде де ол осындай сапармен Өзбекстанға келген болатын. Дэвид О’Салливанның айтуынша, бұрын Ресейге тікелей жеткізіліп келген Батыс тауарлары санкциялардан кейін Қазақстан, Өзбекстан, Армения, Сербия, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі елдеріне ағыла бастаған. Ал сол тауарлардың кейбірі Ресейге асырылып жатқанына Еуроодақ шабарманы алаңдаушылық білдірген. Ол мұндай іске жол беріп отырған елдердің Еуроодақпен қарым-қатынасына көлеңке түсуі мүмкін екенін ескерткен.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды