Зульфия Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілуі мүмкін

14.12.2023, 19:37
606
Зульфия Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілуі мүмкін nege.kz

Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанлоның басы тағы да дауға қалды. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) таратқан мәлімет көздеріне сүйенсек, бір жылдан бері үлкен жарыстарға шықпаған Чиншанлоға тағы да допинг қолданды деген айып тағылды. 

Жарыстан тыс кезеңде алынған міндетті допинг-бақылаудан кейін ауыратлет спорттық қызметтен уақытша шеттетілген. Оның сынамасынан «Метандиенон» анаболикалық стероид белгілері байқалған. Егер, спортшының допинг қолданғаны расталып жатса, ол тағы сегіз жылға спорттан шеттетілуі мүмкін. 

Естеріңізге сала кетейік, Чиншанло 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қоссайыс қорытындысы бойынша 226 (95 + 131) келіні бағындырып, чемпион атанған болатын. Өкінішке қарай жеңіс тойы ұзаққа бармады. Оның Олимпиада ойындарында допинг қолданғаны дәлелденіп, алтын медалінен айырылып қалды. Сондай-ақ медалінен айырылып қана қоймай, 2016-2018 жылдары барлық санаттағы жарысқа қатысу құқығынан айырылды. 

Алайда, спорттан шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін спортшы Токио Олимпиадасына қатысып, 55 келі салмақта ел қоржынына қола медаль салған болатын.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды