Ресей Қазақстанға үш ЖЭО салып беретіні рас па?

15.12.2023, 11:26
655
Ресей Қазақстанға үш ЖЭО салып беретіні рас па? ашық дереккөзден

Ашық НҚА порталында үш ЖЭО салуға қатысты қаулы жоба жарияланды.

Smart News басылымының хабарлауынша, Ресейдің Қазақстанға үш жылу электр орталығын қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жария талқылауға шығарылған. Жария талқылауда Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салуға қатысты Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасы пайда болды. Құрылысқа Ресей тарапы қатысады. 

"Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Қазақстан Республикасының аумағында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісімнің жобасы әзірленді", - делінген түсіндірме жазбада.

Бұған дейін бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин айтты.

"Қазақстандағы үш ЖЭО жобаларын жүзеге асыруға ресейлік тараптың қатысуы туралы бүгін тиісті құжатқа қол қойылады", деген болатын Серік Жұманғарин.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды