772

Келесі жылы 4 млн-ға жуық қазақстандық декларация тапсыруға міндеттеледі

Табысын уақытылы көрсетпегендерге әуелі ескерту беріледі.

Келесі жылы 4 млн-ға жуық қазақстандық декларация тапсыруға міндеттеледі
ашық дереккөзден

Smart News басылымының хабарлауынша, кәсіпкерлер мен өзге де тұлғалар және олардың жұбайы жеке табысы туралы деректерді 15 қыркүйекке дейін өткізуі тиіс.

Жалпыға ортақ декларацияны 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайы ұсынып келді. Биыл квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен жұбайлары қосылды. 

2025 жылы 6,5 млн адам, яғни зейнеткерлер, үй шаруасындағы адамдар мен студенттерге міндеттеледі. Табысын уақытылы көрсетпегендерге әуелі ескерту беріледі. Бір жыл ішінде талапты қайта бұзса, 52 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Материал авторы